8 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «5 адам пышақ жарақатымен түсті»: Облыс басшылығы түнде төбелес шыққан Ұйғыр ауданына шұғыл аттанды

    Алматы облысында 5 жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Төбелес Ұйғыр ауданында болған. Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жарақат алған жігіттердің үшеуі қазір аудандық ауруханада жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

    Жанжал Шонжы ауылының Шанхай шағынауданы мен Бахар ауылы жастарының арасында болған.

    “Ол жерде 5 адам жанжалдасқан. Бахардың балалары шетінен спортшы. Сол бұрынғы Ақтан аулында басталған оқиға төбелеске себеп болған сияқты. Бірақ не үшін төбелескенін ұқпадым, кім-кімді соққыға жыққаны белгісіз. Қазір ол жақта полиция мен әскер толып жүр”, – деді шонжылық тұрғын.

    Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасы аудандық ауруханаға 5 жігіт пышақ жарақатымен түскенін растады. Жаралы жігіттер түн ортасында жеткізілген. Ауыр жарақат алған екі тұрғынға шұғыл ота жасалыпты.

    “15 маусым күні сағат 23:46-да 5 адам пышақ жарақатымен Ұйғыр аудандық ауруханасына түскен. 1999 жылы туған екі азаматқа ота жасалды. 2 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. 1 адам хирургия бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта 3 адам аталған аурухананың хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайлары тұрақты”, – деді облыстық Денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

    Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы орталықтан бір топ адам Ұйғыр ауданына шұғыл жолға шыққанын жеткізді. Істің мән-жайы анықталған соң, толықтырып ақпарат беретінін айтты.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

    Фариза

    Шымкенттіктер мақтааралдықтарға киім-кешек пен қажетті заттар жіберді

    Фариза

    Алматы тұрғындары аудан әкімдеріне тікелей эфирде сұрақ қоя алады

    Пікір қалдыру

    one × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.