-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Денсаулық

    Шымкентте «Халқымыз біздің-байлығымыз» атты акция өтуде

    «Халқымыз біздің-байлығымыз». Шымкентте осындай атаумен коронавирус
    инфекциясын жұқтырған науқастарды ерте анықтау мақсаттында іс шара
    өтті. Шара аясында білікті дәрігерлерден құралған бригада қызметкерлері
    эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтап және тиісті жеке қорғану
    құралдарын пайдаланып қаланың шетіндегі елді мекендердергі созылмалы
    ауруға шалдыққан науқастарды медициналық тексеруден өткізді.

    Арнайы жасақталған мамандар тобының қатарында елді мекендерде табыла
    бермейтін дәрігерлер де бар. Денсаулық керуенінде жасақталған топта
    невропатолог, стоматолог, маммолог , онколог, кардиолог, окулист сынды
    мамандар жергілікті халыққа медициналық қызмет көрсетті.

    Денсаулық керуенінде жасақталған топта невропатолог, стоматолог,
    маммолог, онколог, кардиолог, окулист сынды мамандар жергілікті
    тұрғындарға карантин кезінде созылмалы ауруды асқындырып алмауды және
    коронавирустан қорғану жөнінде кеңес беруде.

    Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының таралауын алдын алу және
    түсіндіру жұмыстары кезінде медицина мамандары қоғамдық көліктерде де
    жолаушылардың дене қызуын өлшеп, карантиндік талаптарды ұстауға
    шақырды. Айта кетейік, «Халқымыз біздің-байлығымыз» акциясы 17-19
    маусым аралығында жалғасады. Дәрігерлер қаланың шетіндегі елді
    мекендерге және ерекше күтімді талап ететін науқастардың үйіне барып
    медициналық көмек көрсетеді.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Дауылдан зардап шеккен байзақтықтардың мәселесі қатаң бақылауда

    Фариза

    Шымкентте 500-ден астам оқушы ҰБТ тапсырды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: 6 АЙДА 110 МИЛЛИАРДҚА ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.