16 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Интенсивті алма бағының болашағы зор

    Еліміздің оңтүстік аймағы орталық және солтүстік Қазақстанды жеміс жидекпен толық қамтамасыз етуі тиіс. Бұл мемлекет басшысы берген тапсырманың бірі болатын. Үкіметтің ауылшаруашылығына байланысты осы ұстанымына Жамбылдықтар да жұмыла атсалысуда. Мәселен: Байзақ ауданы, «Диқан» ауылына қарасты «Его Фруйт» өндірістік кооперативі биыл 50 гектар жерге интенсивті бақ орналыстарған. Бұл шаруашылықта қазір озық технологияларды қолдану арқылы, қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр деп толық айтуға болады. Яғни, «Его Фруйт» өндірістік кооперативі 50 гектар жерді игеріп, жапан даланы баққа айналдырып отыр. Олар 2017 жылы бұл іске белсене кірісіп, отырғызған жеміс талдары бүгінде жапырақ жайып, бір сөзбен айтқанда жайқалып өсіп келеді. Заманауи үлгіге сай, мұнда тамшылатып суары әдісі де қолданылады. Бұл суды үнемді әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тамшылатын сурару жүйесі арқылы суғарудың арықпен суғаруға қарағанда пайдасы да мол. Өйткені, арықпен су ішкен талдардан су зыр етіп тез ағып кетсе, тамшылатып суару арқылы дәл талдың түбіне дейін су түседі. Сонымен қатар, бақтың жан-жағы түгел қоршалып, шілденің шіліңгір ыстығынан қорғайтын жамылғы тор көздер орнатылған. Осыдан екі жыл бұрын Польшадан жеткізілген алманың екі түрінің де шығымы жақсы. Биыл алғашқы жемісін де бермекші. Алма бағы ішіне өңдеу жұмыстарын жүргізіп, дәрілеу үшін озық тезнологиялар алынған. Осы алма бақты қарайтын агроном мамандар да Польшаға барып, бір айдан астам оқу және біліктілікті арттыру курсынан өтіп келген. Бұл мамандар үшін өте пайдалы болды деп айтуға болады. Өндірістік кооперативте 3- жаңа трактор бар. Оның көмегімен түрлі гербициттер себіледі. Әзірше мұнда 25 адам жұмыс істейтін болса, оларға барлық жағдай да жасалған. Тіпті бір мезгіл тамақтанатын асхана да ашылған. Демалыс орнымен де қамтамасыз етілген. Мұның барлығы баққа деген жаңа көзқарасты білдіреді. Жалпы, Байзақ ауданы бойынша тамшылатып суару жүйесін енгізген 4- кооператив құрылып, олар 155 гектар жерге интенсивті алма бағын екті. Жамбыл облысы бойынша алма бақпен аты шыққан осы «Ақбұлым» ауылы болса, Меркеліктер де бұл жұмысты бір жүйеге қойып, тіпті көшет өткізумен де айналысып келеді. Енді міне, Байзақ ауданының дала еңбеккерлері жеміс-жидекке шындап ден қойып отыр. Оның өзі адам ағзасына қажетті дәруменмен облыс тұрғындарын ғана емес, еліміздің өзге де де өңірлерін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермекші.

    қатысты посттар

    Қазақстанда демалыс күндері (20-21 маусым аралығында) шектеу шаралары күшейтіледі

    Фариза

    Шымкенттік ғалымдар ауыл шаруашылығы саласында ақылды технологиялар дайындап жатыр

    Фариза

    Өңірдің инвестициялық саясаты тұрақты

    Пікір қалдыру

    17 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.