19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды

    Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда қаласында стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды.

    «Қоғамдық және жол қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесін орнату» жобасы бойынша Қызылорда қаласы орталығында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына жалпы саны 13 дана (комплекс) «АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды:

    Астана даңғылы (Амангелді көше қиылысының тұсы)

    – Жаппасбай батыр көшесі (Белкөл тұсы)

    – Жаппасбай батыр (С.Бейбарыс көше тұсы)

    – Н.Назарбаев даңғылы (ОМО тұсы)

    – Н.Назарбаев даңғылы (Заводская тұсы)

    – Н.Назарбаев даңғылы (Күзет агенттігі тұсы)

    – А.Байтұрсынов көшесі (Жилстрой Сбер Банк тұсы)

    – Қорқыт Ата көшесі (Светлый канал тұсы)

    – Журба көшесі (Технодом сауда үйінің тұсы)

    – Тәуелсіздік даңғылы (Ғ.Мұратбаев көпір асты)

    – Тәуелсіздік даңғылы (Арай №2 үй тұсына)

    – Қожа Ахмет Яссауи көшесі (Ғ.Мүсірепов көшесі тұсы)

    – Бейбарыс көшесі (№9 көп қабатты үй жанына).

    Аталған камералар екі бағытта жылдамдықты түсіретін болады. Сонымен қатар нөмірлік белгілерді (төмен жарық жағдайында да шағылыстыратын, сондай-ақ шағылыстырмайтын МТНБ-ны оқи отырып), машиналардың түсін, маркасын автоматты түрде тануды, жылдамдық артуын оптикалық тіркеп, учаскедегі трафикті есептейді.

    ЖҚЕ бұзушылықтары туралы ақпарат, сондай-ақ нақты уақыт режиміндегі бейне автоматты түрде деректерді өңдеу орталығына жіберіледі және айыппұл туралы ұйғарымдарды қалыптастыру үшін ҚР Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне (ЕАҚ) енгізіледі.

    Аталған құрылғылармен қазіргі таңда тесттік режимде жылдамдық асырған 13 500 құқық бұзушылық анықталды.

    Құрылғыларды алдын ала қосу ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін жоспарланып отыр. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын жол жүру ережелерін бұзбауды және белгіленген қозғалыс жылдамдығын сақтауды сұраймыз, – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре.

    қатысты посттар

    “300 мың доллар!” Ғабидолла Абдрахимов өзіне тағылған айыпқа жауап берді

    Қазалыдағы Ғани Мұратбаев ауылын газдандыру жұмыстары басталды

    Фариза

    Қызылордада күріштің жаңа сорты өндіріске енгізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.