7 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалыдағы Ғани Мұратбаев ауылын газдандыру жұмыстары басталды

    Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев ауылын газдандыру жұмыстары басталды.

    Жұмыс басталмас бұрын аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауыл тұрғындары және «Сапақ» өндірістік кооперативінің жұмысшыларымен кездесті.

    Аудан басшысы бүгін Мұратбаев ауылының тұрғындары үшін өте қуанышты күн екенін атап өтті.

    – Бүгінгі күн, расында да, сіздер үшін үлкен мереке. Өйткені бұл қуанышты сәтті талай жылдар асыға күттіңіздер. Бүгін, міне, сол армандарыңыз орындалып отыр. Енді аз ғана уақыттан кейін құрылыс жұмыстары аяқталып, көгілдір отынды пайдаланатын күн алыс емес. Бұл жобаның жүзеге асуына «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының ықпалы зор. Жасыл желегі жайқалған Сіздердің ауылдарыңызда «Жол картасы» арқылы тағы да 7 көшеге асфальт төселіп, балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, ауылды аяқ сумен қамтамасыз ететін «Ақарық» каналының арнасы тазаланады, – деді аудан әкімі.

    Ауылдағы ауқымды істің басталуына ұйытқы болған аудан басшыларына ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бурабай Рахметов алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

    Айта кетейік, қазіргі таңда Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 млрд-тан астам қаржыға 42 жоба жүзеге асырылып жатыр.

    Оның ішінде Ғ.Мұратбаев ауылындағы 4 жобаға 500 миллионнан астам теңге бөлінген.

    қатысты посттар

    Украинадағы соғыста қазақтар да қаза болып жатыр

    Фариза

    Қазалы ауданында электрмен жабдықтау жұмыстары аяқталды

    Фариза

    Қызылорда облысының Сырдария ауданында жаңа жоба іске асырылуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.