-5.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте 1000-нан астам отбасы баспаналы болады

    Шымкентте 39 259 азамат тұрғын үйге мұқтаж. Бұл туралы Шымкент қаласы
    әкімінің қатысуымен өткен жиналыста Тұрғын үй және тұрғынүй инспекция
    басқармасының басшысы Ғ.Төлепов айтты.

    Қуанышты жаңалық. Жыл соңында 450 көпбалалы отбасы, 394 әлеуметтік
    жағынан осал топтағы азамат, 300 жас баспаналы болады.
    Айтып өтейік, ағымдағы жылы «2-10-20» бағдарламасы бойынша 1047 аз
    қамтылған отбасы электронды түрде несие арқылы пәтер алуға өтінім
    берген. Қазіргі таңда құжаттарды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ал «7-20-
    25» бағыты бойынша 219 азамат, «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» арқылы
    73 азамат баспаналы болған.

    Жыл соңына дейін «2-10-20», «7-20-25» бағдарламасымен бастапқы
    жарнаның бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде
    жергілікті бюджеттен ақша қаралып, сертификаттар беру жоспарланған.
    Жалпы Шымкентте кезекте тұрғандар: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз
    қалғандар – 1631, көпбалалы – 5188, әлеуметтік жағынан әлсіз топ – 12829,
    мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері – 19585, жалғыз тұрғын үйі
    апатты деп танылған – 26.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Бердібек Сапарбаев вакцинациялау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

    Фариза

    Семей консервіленген өнімдерді Мәскеуге экспорттауда

    Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.