19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте кәсіпорындардың санитарлық норманы сақтауы бойынша рейд жалғасуда

    Шымкент қаласының аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметкерлері және аудандық әкім аппараттарының кәсіпкерлікті қолдау бөлімі қызметкерлерінен құрылған мониторинг топтары Шымкент қаласының Жібек Жолы, Рысқұлов, Алдияров, Мақталы, Уалиханов, Нұршашу, М.Маметова, Мақталы, Б.Момышұлы, Қазиев, Қабанбай батыр, Жангелдин, Байтұрсынов, Тәжібаев, Ерманов, Төле би, Арғынбеков, Бәйдібек би, Төреқұлов көшелері, Бәйдібек би даңғылы, «Теріскей» мөлтек ауданы, «Шапағат» мөлтек ауданы, «Авто-Нұр» базары, «Бозарық» саяжайында орналасқан нысандарға мониторинг жүргізді.

    Осылайша мамандар 77 нысанды тексерді. Оның ішінде, тамақтану орындары мен базар, өндіріс орындары бар. Сонымен қатар бүгін Шымкент қаласы бойынша 8 саябақ, 37 гүлзар мен 4094 аялдама залалсыздандырылды.

    Ал, қоғамдық көліктер де коронавирусқа қарсы дәріленді. Атап айтар болсақ, дезинфекциялау жұмыстары мен 64 автопарк, 323 бағыттағы автобус қамтылды.

    Мониторингпен қамтылған нысандардың барлығында коронавирустық инфекцияның (COVID -19) таралуына жол бермеу жөнінде санитариялық-ағарту, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдын алу шаралары жөнінде кеңестер берілді.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Шымкентте 500-ден астам оқушы ҰБТ тапсырды

    Фариза

    Шымкент қаласына 7,1 миллиард теңгеден астам қаражатты құрайтын дәрі-дәрмектер жеткізілді

    Фариза

    Шымкент: Төрт білім ұйымына ашық конкурс арқылы мектеп директорлары тағайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.