-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТАРҒА 2 МЛРД 67 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ӨНДІРІП БЕРДІ

    Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының араласуымен 2019 жылы республика ұстаздарына 2 067 124 753 теңге қаражат қайтарылып берілді. Салалық кәсіподақтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл — ұстаздардың дұрыс төленбеген жалақылары, сауықтыру жәрдемақылары мен іссапар шығындары және мерзімінен кешіктіріліп өндірілген ақылы еңбек демалысының қаражаттары. Мұғалімдердің маңдай тері нәпақасын кешіктіріп төлеу фактісі орын алған аймақтардың арасында Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Өндірілген соманың 1 млрд 400 млн теңгеден астамы осы облыстың ұстаздарына тиесілі.

    Салалық кәсіподақ қызметінің негізгібағыттарының бірі кәсіподақ мүшелерінің еңбекқұқықтарын қорғау.

    Осы мақсатта, 2019 жылы  Қазақстандық Салалықкәсіподақтың мүшелік ұйымдарының құқықтыққызметкерлері білім беру ұйымдарында еңбекзаңнамасын орындау бойынша 4057 қоғамдық бақылау жүргізіп, 3807 түрлі еңбек заңнамасынбұзушылық дерегін анықтады. Оның 1117-і айлықақының дұрыс төленбеуі бойынша, 760-ы жұмысуақыты мен демалу режимінің бұзушылығына,  1328-і — еңбек қатынастарын рәсімдеуге және 632-і басқа да құқық бұзушылыққа қатысты.

    Тексерістер нәтижесінде Салалық кәсіподақтыңкүшімен 40 қызметкер жұмысына қайтарылды, оның 8-і сот арқылы. 132 қызметкердің заңсызжұмыстан қудалануының алды алынды.

    Салалық кәсіподақтың құқықтық инспекторларыкәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығынкөтеру мақсатында бірқатар жұмыс атқарды. Былтырғы жылы сала қызметкерлеріне 11 642 кеңес берілді. 1 193 жазбаша өтініш қаралды.

    қатысты посттар

    «Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді». IT қауымдастығы өкілдері Тоқаевқа ашық хат жолдады

    Фариза

    «Діндар-тақуалардың өзін ызбарлы бейнеге, ызақор кейіпке түсірді…» Мұхамеджан Тазабек

    Желіде полицейлердің атыраулық «діндарды» ұстау сәтінің видеосы тарады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.