15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Бәрі аферист, алаяқ”: Коронавирус жұқтырған шенділерді сынға алған ақын елді дүрліктірді

    Отандық танымал ақын Қайнар Алагөзов коронавирус инфекциясын жұқтырып, бүгінде оқшауланып жатқан шенеуніктерді сынап тастады. Айтыскердің ойынша, олардың ешбірі шын мәнінде COVID-19 індетіне шалдықпаған. Ол тіпті қауіпті вирус мүлдем жоқ екенін айтып, ауырып жатқан шенділердің біреуіне де сенбейтінін жайып салды деп жазады Qazweek.kz  KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Хит әндердің мәтінін жазып жүрген Қайнар Алагөзов коронавирус инфекциясына қатысты жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

    “Мына аурулардың ішінде мен сенетін ешкім жоқ екен. Тап осыдан өліп, өздері салдырған пешке өртесе де сенбейм. Жер бетінде ешқандай да Коранавирус жоқ, достар. Коранавирус бар деп, елді ақымақ санап, жұртты сендіргісі келген адамның бәрі аферист, алаяқ” , – деп жазды ол.

    Белгілі ақынның жазбасы желіде қызу талқыға түсіп, елдің сынына ұшырады. Көпшілік оның бұл қылығы дұрыс емес болғанын бетіне басып, инфекцияның барына сенуге шақырды.

    “Аузыңыз дәм сезбей, мүрныңыз иіс сезбей жатса көрер едім қалай болғаныңызды. Олай айтудың қажеті жоқ” , “Сізді қазір мен жатқан ауруханаға әкеліп, демала алмай жатқандарды көрсе басқаша сайрар едіңіз. Дәлізде орын жоқ. Ауруханадан қашатын адамдар жатуға жалынып жатыр. Бұл жай грипп емес” , “Коронавирус жоқ деп айтып жатқандардың сөзі боқ” , “Сонда қайтыс болған жүз адам неден көз жұмды?” , “Сіздің сенетіңіз бен сенбейтіңіз маңызыды емес. Жоқ екеніне дәлеліңіз бар ма?” ,

    “Жігіттер мен өзім ауырып жатырмын. Сақтаныңыздар, мен өзім дәрігермін” , “Қайнар алғашқыда мен де сенбегем, бірақ рас екеніне көзім жетті. артық кетпе” , “Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле”, “Аңдымай сөйлеген ауырмай өледі. Біреуге ор қазба” , “Инфекционист ғалымсың ба? Қалай жоқ дейсің? Сеніңше бәрі қырылып қалу керек пе?” , “Қайнар мынауың қате болды. Ауырсаң ғана сенерсің”, “Елге бүлік салма. Елдің басына іс түсті Сен болсаң әлі түсінбей жүрсің” , – деп жазуда көпшілік.

    қатысты посттар

    Қазақ дәрігері Ухандағы крорнавирусқа шалдыққан науқастарға қара жорға биін билеп берді (видео)

    Фариза

    Уақытты еріктілікке жұмсаудың тұлғалық даму үшін тигізер пайдасы зор

    Фариза

    «5 адам пышақ жарақатымен түсті»: Облыс басшылығы түнде төбелес шыққан Ұйғыр ауданына шұғыл аттанды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.