17 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Қызымның үсті көгерген»: Назым Алдаштың анасы жаңа жайттарды айтты

    Түркістан облысында бір айдан астам уақыт кәмелетке толмаған жүкті әйелді таба алмаған. 17 жастағы Назым Алдаш ауруханаға кетіп, жоғалып кеткен, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Қыздың анасы бірден полицияға хабарластым дейді. Бірақ Назымды іздеу ұзаққа созылды, қызынан мүлдем хабар болмаған.

    Адамды іздеуге сонша уақыт қалай кетеді? Жүкті, өзі қайда жүрсе де жүруі қиын, – дейді қыздың анасы Күлжамила Бекетова.

    Назымның анасының айтуынша, өткен жылдың қазан айында қызын Алматыға бара жатқанда ұрлап кетіп, оны күштеп күйеуге бермек болған.

    Қыз татуласып, Тараздағы күйеу жігіттің үйінде қалды. Назым жүкті болып қалған, бірақ неке рәсімделмеген. Анасы қызына қонаққа келгенде, Назымның үсті басы көгеріп, оны ұрып соққаны анықталған. Бойжеткен анасына соққыға жығылғанын айтып, үйіне алып кетуді сұраған.

    Қызымның үсті басы көгерген, олар қызымды қой бағуға мәжбүрлеп, үнемі ұрып-соғатынын. Тіпті қамшымен ұрып, байлап, үстін тепкілегенін айтты. Біз оны алып кеттік. Содан бір айдан кейін ол үйден ауруханаға кетіп, жоғалып кетті. Назымның құрбысына хат жазғанын білдік, таптық. Оны азаматтық некедегі күйеуі алып кеткенің білдік, – деді Күлжәмила Бекетова Otyrar.kz тілшісіне берген сұхбатында.

    Назымға халықаралық іздеу жарияланды. 28 наурыз күні Жамбыл облысының Жаңатас қаласында кәмелетке толмаған жүкті әйел табылды. Полицияның мәліметінше, ол азаматтық некедегі күйеуімен бірге тұрған.

    Табылғаннан кейін қыз отбасына қайтарылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – дейді Түркістан облысы ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтанбек Үсіпбеков.

    Белгілі болғандай, Назым құрсағындағы баланың әкесімен бірге тұруға қарсы емес. Бірақ анасына қоңырау шалмады, өйткені оны үйге қайтарады деп қорықты.

    қатысты посттар

    “ВИП-қызмет көрсету керек пе бәріне?!” Балабақшада сәбиді жұлқып көтерді (видео)

    Фариза

    Алматы облысында 40 жастағы ер адам анасын ұрып өлтірді

    Фариза

    “Құжатта бар, қоймада жоқ қымбат ас”. Аягөздегі төрт бала көз жұмған орталық

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.