17 C
Алматы
Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болды

    Танымал тележүргізуші, қазірде “Жетісу” телеарнасының директоры Бейсен Құранбек қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне “Қарекет” бағдарламасының редакторы Ақжелең Рахатдинқызы растады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    “Ағамыздың дүниеден өткенін өзіміз жаңа таңертең естідік. Ол қатерлі ісікпен ауырған еді, бір жылдан аса емделді”, – дейді Ақжелең Рахатдинқызы.

    Тележүргізуші сырқаттанып жүргенін Instagram-парақшасындағы соңғы жазбасында мәлімдеген еді.

    “Халқымыздың “басты байлық – денсаулық” деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым”, – деп жазған еді Бейсен Құранбек.

    Еске салайық, былтыр желтоқсанның аяғында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бейсен Құранбек ауыр дертке шалдықты деген хабар тараған еді.

    Ал былтыр ақпанда тележүргізуші асқазан жарасы шығып, дәрігерлердің оны екінші рет аман алып қалғанын Instagram желісінде жазған болатын.

    қатысты посттар

    Түркістан облысында тәрбиеші 5 жасар баланы жертөлеге қамап қойған

    Фариза

    Ақпарат және қоғамдық даму министрі Бейсен Құранбектің отбасына, жақындарына көңіл айтты

    Фариза

    “Бұл балаларға зорлық-зомбылық жасау, жүрегім ауырып тұр”

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.