15 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Молаға барып, күлгендері несі?” Желі қолданушылары Iphone пішінінде жасалған құлпытасты видеоға түсіріп, күлген азаматты сынап тастады

    Facebook пайдаланушысы “Куда смотрит акимат” деген топқа IPhone түрінде жасалған құлпытасты жүктеп, таңданысын жасырмады. Алайда, оны осы іс-әрекеті үшін желі қолданушылары сынап тастады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

    Желіде пайда болған видеодан  қазақстандықтардың  ұялы телефон пішінінде жасалған құлпытасты көріп, қатты таңғалғаны байқалады.

    “Жаңа Iphone 11 иесі. Мұндай да құлпытас бар екен. Обычный режимде тұр екен. Без звукаға қоймапты. Память 32 GB”, — дейді видео авторы.

    Желі қолданушыларының басым бөлігі бейітте видео түсіріп, құлпытастың пішіні неліктен ерекше екенін білмей күлген адамды сынға алды. “Молаға барып, күлгендері несі?”, Күлетін басқа зат таппай, енді өлгендердің мазарын мазақ қылуға көштіңдер ме?— деп жазды олар.

    Бұл құлпытас көзі тірісінде Iphone/Ipad-қа арналған қазақша интелектуалды пернетақтаны құрастырып, iOS жүйесіне арнап мобильді қосымшалар жасаған бағдарламашы Заңғар Орынбетовке орнатылған. Марқұмның ата-анасы оның Apple компаниясына деген махаббатын әрі еңбегін ескеріп, құлпытасты Iphone түрінде жасауды жөн көрген.

    2017 жылы бар болғаны 23 жасында жол апатынан қайтыс болған Заңғар Орынбетов болашағынан зор үміт күттірген азамат еді. Ол екі жыл бұрын жазда Apple компаниясының WWDC 2016 жазғы мектебіне жолдама алып, барып қайтты.

    қатысты посттар

    БҚО-да «10 жастағы оқушының зорланғанын жасырды» деп айыпталған директор 3 жылға сотталды

    Фариза

    75 миллион теңге қарыз алып құмар ойынға тіккен Леңгір тұрғыны жоғалып кетті

    Фариза

    Медеу мұз айдыны коронавирусқа байланысты жабылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.