6 C
Алматы
Четверг, 5 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    MEGA желісінің барлық сауда және ойын-сауық орталығы жабылды

    MEGA желісінің басшылығы өзінің барлық сауда-ойын-сауық орталықтарын жабуды ұйғарды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Орталықтарда тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмысын жалғастырады. Супермаркет күн сайын 9:00-ден 23:00-ге дейін, ал дәріханалар — 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

    «Біз мұны коронавирустық инфекцияның таралуына кез келген қауіп-қатерді болдырмау үшін, сондай-ақ біз мұндай жолға жалға алушылар мен келушілердің көптеген үндеуін ескере отырып барып отырмыз. Біздің алдымызда өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығы туралы қамқорлықтың бірыңғай міндеті тұр. Біз осы қиын жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылдайтын шараларымызға түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз. Тек бірге ғана біз барлық кедергіні еңсере аламыз», — деді желінің бас директоры Сейітжан Есмағамбетов.

    Бұған дейін СОО аумағында тек кинотеатрлар мен ойын-сауық орталықтары ғана жабылатыны айтылған еді.

    Еске салайық, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27-ге жетті.

    қатысты посттар

    Биыл айт намазы мешітте оқылмайды. Ораза айт мерекесін үйде қалай өткізген жөн?

    Фариза

    Петропавлда заңды тұлғалар үшін ХҚО жұмыс істей бастады

    Фариза

    Жаңатаста қаза тапқан бес баланың туыстары жұртшылыққа үндеу тастады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.