22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Омбудсмен Арон Атабекті толық ақтау жөнінде өтініш түссе, қарайтындарын айтты

    Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова бір күн бұрын көз жұмған диссидент, ақын Арон Атабекті толық ақтау жөнінде өтініш түссе, көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    “Заң бойынша шағым беруші немесе оның заңды өкілдері осындай шағым түсіруі мүмкін. Бірінші сол кісілерден арыз болуы керек” деді Эльвира Әзімова Азаттық тілшісіне.

    “Арон Атабектің заңды өкілдерінен шағым түссе қарайсыздар ма?” деген сұраққа ол:

    “Әрине, қараймыз. Өзіміздің құзыретіміз, шамамыз жетпесе де, негізгі консультацияны береміз. Қалай, қайда арыз жіберу керек. Ал негізі мұндай арызды прокуратураның өзіне немесе соттың өзіне де жазуға болады” деді ол. Омбудсмен бұл бойынша басқа сұрақтарды “жазбаша жіберуге” кеңес берді.

    Бір күн бұрын диссидент, ақын Арон Атабек ауруханада көз жұмған. “Шаңырақ оқиғасы” бойынша сотталып, 15 жыл түрмеде отырған Атабек 1 қазанда денсаулығына байланысты қамаудан босатылған. Ол түрмеден орала сала денсаулығы күрт нашарлап, төсек тартып жатып қалған. Диссидент өзіне тағылған айыппен келіспей, жылдар бойы толық ақтауды талап еткен. Жақтастары “ол жазықтан жазықсыз түрмеде 15 жыл отырды, билік оны ашық өткір сыны үшін түрмеге қамады” деп санайды. Ол жуырда түрмеде шыққаннан кейін бір топ белсенді мен саясаткерлер Арон Атабекті қорғау комитетін құрып, халықаралық сотқа шағымданып, Арон Атабектің ісін қайта қарауға қол жеткізуге күш салатынын айтқан.

    қатысты посттар

    “Жыныстық мүшелерін қысқышпен қысқан…” Түркістан облысында өгей ана кішкентай үш қызын әбден азаптаған (фото 18+)

    “30 жылдан бері жеке пәтері жоқ мемлекетте ояндым…” Жастардың үндеуі

    Үйлену тойында қалыңдығын ұрды: Желіде қызу талқыланған видеоның мән-жайы айтылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.