21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Тик-токқа шығып кеткен ауыл әкімі тәртіптік жазаға тартылды (видео)

    Ауыл әкімі қол астындағы қызметкерлерімен билегені үшін жазаланды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Тик-Токқа әкімнің ұжымымен жасаған флеш-мобының видеосы жарияланып, ол өзге әлеуметтік желілерге тараған. Видео Мәдениет қызметкерлері күніне орай түсірілгені белгілі болды. Онда Жәйрем ауылының әкімі Аманқазы Наукенов бидің түбін түсіреді.

    2020 жылы 21 мамырда Жәйрем ауылының мәдени-демалыс орталығының ғимаратында ауыл әкімі Наукенов Аманқазы Баранбайұлы, “Жәйремский гок” АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Кәрібаев Мүбәрак Рахманқұлұлы, ауылдың мәдени-демалыс орталығының директоры Иманбекова Ақмарал Елібайқызы, сонымен қатар осы ұйымның бірнеше қызметкерлері Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнін мерекелеу аясында флеш-моб өткізді. Бұл іс-шара бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған кезде өткізілгендіктен ауыл әкіміне қатысты тәртіптік шара қолданылды, – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Қаражал қаласының әкімдігі.

    26 мамырдағы қызметтік тергеу нәтижелері бойынша, Тәртіптік комиссияның ұсынысымен Қаражал қаласы әкімінің өкімімен, Жәйрем ауылы әкімі Наукеноваға өз лауазымына сай емес әрекеті үшін ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

    Қазіргі уақытта қалалық полиция бөлімі және Қаражал қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің аясында аталған адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдауда.

    қатысты посттар

    Мүфтият оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді (видео)

    “Бір қызды зорлаған 14 күдіктінің біреуін де полиция ұстаған жоқ” Белгілі заңгер Тоқаевтан істі жеке бақылауына алуды сұрады

    Фариза

    Түркістан облысында адам денелері пластикалық бөтелкелерден табылды

    Пікір қалдыру

    8 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.