14.3 C
Алматы
Пятница, 18 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Айгүл Орынбек: Оңай пайда табамын, дегендерге “сауап болған”! Қолдарыңа біз “Лохпыз” деп плакатка жазып алыңыздар

    Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек «Гарант 24» ломбардына алданғандарға байоанысты пікір білдірді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    «Жалқау, арам тамақ, еріншек, жатып ішер десе тағы ренжиді!
    Ломбардқа ақша салдым, көбейтіп алғым келді. Енді ломбардта жұмыс істейтін жігіттер, ақшамызды алып қашып кетті. Билік солардың сөзін сөйлейді деп, “қорқып отырмыз” -деп хабарласушылар көбейіп кетті. Ақша саларда билік маңдайыңа пистолет тақап тұрды ма? Биліктен сұрағанда, талап еткенде бәледей білгішсіңдер! Енді неге ақша салғанда білмей қалдыңдар!? Менің түкте жаным ашымайды салымшылар сендерге! Оңай пайда табамын, дегендерге “сауап болған” ! Менен көмек сұраудың қажеті жоқ! Мен әрбір эфирімде жазбамда, сіздерге ескертіп отыратынмын! Енді анау жарнама жасап жүрген әнші, спортшыларыңнан талап етіңдер! “Біз митингке шығамыз”- деп маған доқ көрсетудің де қажеті жоқ! Қолдарыңа біз “Лохпыз” деп плакатка жазып алыңыздар! Мектептегі бала емессіздер кәмпит берсе алданып қалатын! Барлығыңыз үлкен азаматсыздар! Тек ғана жеңіл жолмен пайда табуды ойлаған! Жұрттар салып жатқан соң салдық, деп ақталудың да қажеті жоқ! Жұрттар жардан құлап өліп жатса барып құлап өлесіңдер ме!? Қазақтар осыншалықты қараңғысыңдар ма?», — деп жазды ол.

     

    қатысты посттар

    3 жасар қызды анасы қарызының орнына тастап кеткен (видео)

    Фариза

    “Мешітке 15 минутқа ғана кіруге рұқсат беріледі” Бас мүфти мешітке келудің тәртібін түсіндірді

    Фариза

    «Бір тісі жоқ, сөйлей алмайды, тіпті тамақ іше алмайды» Шымкентте аяусыз соққыға жығылған келіншектің әпкесі жанайқайын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.