9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Айгүл Орынбек: Оңай пайда табамын, дегендерге “сауап болған”! Қолдарыңа біз “Лохпыз” деп плакатка жазып алыңыздар

    Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек “Гарант 24” ломбардына алданғандарға байоанысты пікір білдірді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    “Жалқау, арам тамақ, еріншек, жатып ішер десе тағы ренжиді!
    Ломбардқа ақша салдым, көбейтіп алғым келді. Енді ломбардта жұмыс істейтін жігіттер, ақшамызды алып қашып кетті. Билік солардың сөзін сөйлейді деп, “қорқып отырмыз” -деп хабарласушылар көбейіп кетті. Ақша саларда билік маңдайыңа пистолет тақап тұрды ма? Биліктен сұрағанда, талап еткенде бәледей білгішсіңдер! Енді неге ақша салғанда білмей қалдыңдар!? Менің түкте жаным ашымайды салымшылар сендерге! Оңай пайда табамын, дегендерге “сауап болған” ! Менен көмек сұраудың қажеті жоқ! Мен әрбір эфирімде жазбамда, сіздерге ескертіп отыратынмын! Енді анау жарнама жасап жүрген әнші, спортшыларыңнан талап етіңдер! “Біз митингке шығамыз”- деп маған доқ көрсетудің де қажеті жоқ! Қолдарыңа біз “Лохпыз” деп плакатка жазып алыңыздар! Мектептегі бала емессіздер кәмпит берсе алданып қалатын! Барлығыңыз үлкен азаматсыздар! Тек ғана жеңіл жолмен пайда табуды ойлаған! Жұрттар салып жатқан соң салдық, деп ақталудың да қажеті жоқ! Жұрттар жардан құлап өліп жатса барып құлап өлесіңдер ме!? Қазақтар осыншалықты қараңғысыңдар ма?”, – деп жазды ол.

     

    қатысты посттар

    Соғымға есекті сойып, ішегінен қазы жасағандар жұртты шошытты (фото)

    Фариза

    «Жағдай күрделі»: Алматы облысында мемлекеттік қызмектерлер деструктивті діни ағымдардың уағызын тыңдаған

    Фариза

    Қазнетте “мәйітке толы” жүк көлігінің видеосы талқыланып жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.