15 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    Жалақысы 80 мың теңгеден төмен барлық адам салықтан құтылады – Президент кеңесшісі

    Экономист кешеден бері әлеуметтік желіде тараған жеке табыс салығына қатысты слайд бұрын талқыланып, қабылданбай қалған ұсыныстардың бірі болатын деп жазды өзінің Facebook-парақшасында. Ол елде жеке табыс салығын қалай өзгертуге болтыны туралы өз ойын тарқатып жазған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, табысқа салынатын салықтың жалпақ немесе прогрессивті шкаласы бар. Алғашқысы есептеуге ыңғайлы. Екіншісі бай мен кедей арасындағы айырманы азайтуға сеп болады. Дамушы елдер бірінші түріне жүгінсе, дамыған елдерде салық прогрессивті болады. Құдайберген біздің елде прогрессивті шкалаға көшудің екі жолы болуы мүмкін екенін айтады.

    – қалған салықтар мен алымдарды өзгертпестен, тек ЖТС мөлшерлемесін өзгерту, бірақ, бұл халықтың және бизнестің наразылығына әкелетін жүктеме;

    – жалақы бойынша салықтар мен алымдардың барлық құрылымын өзгерту, бұл сізге жалпы жүктемені арттырмай прогрессивті сызбаға ауысуға мүмкіндік береді.

    Дегенмен, экономистің сөзінше, прогрессивті шкалада өсім 10% емес, 0%-дан басталуы мүмкін. Егер шетелдік тәжірибеге көз жүгіртсек, көптеген елде шкала бойынша прогрессивті ставкалар жалпы жүктеменің өсуін білдіреді, бұл – АҚШ пен Еуропа елдері. Ал, Сингапурда ерекше тәжірибе бар. Онда егер сіздің жалақыңыз ел бойынша орташа көрсеткіштің 40%-нан аз болса, сізге қойылатын ставка – 0%.

    Олжас Құдайберген елде ресми орташа жалақы 200 мың теңге болғанымен, медиандық жалақы 80 мың теңгені құрайтынын жазады. Демек, жалақысы 80 мың теңгеден төмен барлық адам салықтан құтылады. Егер қалған салық тек зейнетақы жарнасына аударылса, тұрғындар зейнетақы жарнасын, яғни тек өздері үшін төлейді. Бұл ауылшаруашылық, базар және т.б. кәсіп түрлерін көлеңкеден шығаруға сеп болады деп есептейді ол.

    «Әрине, егер жалақы 80 мыңнан жоғары болса, онда әрбір келесі шектен белгілі бір пайыз төленеді. Шартты түрде жалақы 140 мың, содан кейін 0% 80 мыңнан төленеді, ал келесі 60 мыңнан тек 2%, ал жалпы жүктеме 140 мың теңгеден бар болғаны 1200 теңгені құрайды (1% аз). Егер жалақы 200 мың теңге болса, онда 80 мыңға 0% төленеді, келесі 60 мыңнан – 2%, келесі 60 мыңнан – 4%. Жалпы жүктеме 200 мыңға жуық болады, шамамен 3600 теңге (шамамен 1,8%). Осылайша, 10% жүктеме 750 мың теңгенің жалақысына ғана жетеді. Басқаша айтқанда, бұл сценарийде жұмысшылардың 95%-да салық жүктемесі төмендейді, 4% -ы қазіргі деңгейін сақтайды және шамамен 1%-да салық жүктемесі ұлғаяды», – деп жазды ол.

    Президент Тоқаевтың кешегі мәлімдемесінін кейін жұмыс тобы құрылды. Экономист бұл мәселеге қатысты әлі талай талқылау мен тартыстар болатынын да жазады. Сондай-ақ, заң жобаларын әзірлеу тәжірибесін ескере отырып, ол келесі жазда Парламентке жетеді деп есептейді.

    «Егер прогрессивті масштабты енгізу басқа салықтар мен алымдардың ауыртпалығын төмендетумен қатар жүрсе, онда бұл мәселе 2022 жылға қалады», – деп жазады Құдайберген.

    қатысты посттар

    Бір компания Алматыда 10 гектар алма бақты отап тастады

    Фариза

    Димаш Өзбекстандағы тыңдармандарын таңғалдырды (видео)

    Дәрігерлер 3 күндік сәбиге ауыр ота жасады

    Пікір қалдыру

    17 + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.