18 C
Алматы
Жұма, 17 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    78 жастағы қарияны ұрып-соққандар емін-еркін жүр. Полиция оларды қамауға алмаған

    Полиция қызметкерлері 78 жастағы қария мен оның ұлдарын ұрып-соққан дүнгендерді жазаламаған. Бұл туралы Қордайдағы қақтығыстан зардап шеккен 78 жастағы қарияның ұлы Нұрлан Төлегенұлы айтты.

    – Бізді соққыға жыққан дүнгендерді қамауға алмады. Аудандық ішкі істер бөліміне барған кезде дүнгеннің адвокатын көрдім. Қазақ әйелі әлгі дүнгендердің қорғаушысы екен. Ол маған “мен бұлардан бөлек басқа да дүнгендерді қорғап, шығарып алғанмын” деп айтты. Адвокаттың аты-жөнін білмеймін. Аудандық ішкі істер бөлімінде маған бірнеше сұрақ қойды. Біраздан соң адвокат әкемнің қайда екенін сұрады. Кейін әкеммен сөйлесті. Мені ешқайда шығармады. Сұрансам 5 минутқа ғана сыртқа шығуыма болады. Ал әлгі дүнген болса емін-еркін кіріп-шығып жүреді. Сонда оларға заң жоқ болып тұр ғой. Кейін түнгі 01:00-ге дейін бізді ұстап, сұрақ қойды. Әлгі дүнгендерді босатып жіберді. Таңертең ертемен аудандық ішкі істер бөліміне барып, дүнген жігіттің қайда екенін сұрасам, сол жердегілер “білмеймін” деп қысқа қайырды. Аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары “бүгін үшеуін де қамауға аламын, төртіншісі жоқ” деп мойындамай қойды. Ал мен төртінші дүнгенді сипаттап жазып бергенмін. Бірақ әлі таба алмаған, –  дейді Нұрлан Төлегенұлы.

    Бүгін Қордайдағы жағдайға байланысты президент Тоқаев шұғыл жиын өткізіп, қақтығыс кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. ІІМ Ерлан Тұрғымбаев қақтығыс кезінде 8 адамның қаза тапқанын 2 полицейдің жарақат алғанын мәлімдеді.

    қатысты посттар

    Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

    Фариза

    “Қытайлар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ” Қытайларды сабаған қазақтар неге қамауда отыр?

    Фариза

    “Шариғат, сүннет бойынша екінші әйел алған жігіттердің тойын тегін жүргізіп беремін”

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.