Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

    Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

    26 мамыр күні «102» пультіне тұрғын үйлердің бірінің подъезінде баспалдақта жатқан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнын тексеру барысында сол үйде тұратын 47 жастағы тұрғынның өз-өзін аңшы мылтығынан атып өлтірген анықталған.

    «Ер адамның мобильдік телефонын қарау барысында өлер алдында жазып кеткен хабарламасы табылды. Қаза тапқан азаматтың 2019 жылдан бері ажырасқаны және соңғы уақытта жалғыз тұратындығы анықталды. Атына тіркелген «САЙГА-М2» маркалы аңшы мылтығы болған», – делінген елордалық полиция хабарламасында.

    Аталған жағдайға байланысты сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    қатысты посттар

    “Есігіне өлі мысықты іліп кеткен екен…” Сайрагүл Сауытбайдың адвокатына біреулер қоқан-лоққы жасады (фото)

    Арзан Toyota Camry ала қоймақ болғандар алаяққа жем болды

    Фариза

    Жеті баланың анасы несие төлемегені үшін өлтірілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.