Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Нұр-Сұлтанда ер адамды пышақтағандар видеоға түсіп қалды

    Нұр-Сұлтанда адам пышақтаған күдікті бақылау камерасының көмегімен ұсталды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz Нұр-Сұлтанның Полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    «17 желтоқсанда таңертең Нұр-Сұлтан полиция департаменті жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камераларын қарап отырып, теміржол вокзалы ауданында болып жатқан ер адамдар арасындағы жанжалды байқады», — деп хабарлады департамент қызметкері.

    Оқиға болған жерге полиция жасағы жіберілген. Күдікті ұсталды. Полиция өкілдері оның 31 жастағы ер адамды бұзақылық себеппен пышақтағанын айтты. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 293-бабы, 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

    Күдікті бұған дейін де сотталған болып шықты. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды.

    қатысты посттар

    Алматыда Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың немересі қамауға алынды

    Адамдар зардап шегіп, үйлер қираған: Аягөзде қатты дауыл тұрды (фото, видео)

    Фариза

    Қордайдағы жантүршігерлік автобус апатына қатысты тың дерек шықты

    Пікір қалдыру

    15 + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.