9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Батыс Қазақстан облысында пойыз аударылды

    7 наурызда Батыс Қазақстан облысының Сайқын кентінде №10518 Саратов – Астрахан бағытындағы жүк пойызының бес вагоны рельстен шығып кетті деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Төтенше жағдай түнгі 23:00 шамасында болды деп жазды “Мой город” басылымы. Белгілі болғандай, аударылған пойыз вагондарына астық тиелген.

    “Болжам бойынша апатқа дөңгелектегі жарықшақ себеп болуы мүмкін. Бес вагон (№14, 15, 16, 17, 18) рельстен шығып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Апатқа байланысты жолаушылар мен жүк пойыздары басқа жолмен жүреді”, – деп мәлімдеді БҚО төтенше жағдайлар департаменті.

    Ведомствоның ақпары бойынша, төтенше жағдайды жоюға “Ресей темір жолы” ААҚ-ның 16 жұмысшысы мен БҚО ТЖД-ның төрт қызметкері жұмылдырылған.

    “Қазір арнайы қызметтер жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр”, – деп мәлімдеді Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рақымжанов.

    Оның айтуынша, пойыздың аударылуына вагондардағы ақау себеп болуы мүмкін.

    Оқиғаның нақты себебін құзырлы органдар анықтайды, төтенше жағдайға байланысты тексеріс басталды.

    Еске сала кетейік, биыл 23 қаңтарда Қарағанды облысының Қарабас стансасында Нұр-Сұлтаннан Жезқазған қаласына бағыт алған пойыздың төрт вагоны рельстен шығып кеткен болатын.

    қатысты посттар

    Шымкентте кәмелет жасқа толмаған бойжеткенді зорлап, видеога түсіргендендерге сот үкімі шықты

    Фариза

    Тұрсынбек Қабатовтың қызы қайда оқуға түскенін көрсетті

    Фариза

    Сұмдық! Бір үйдің үш баласы суға батып кетті

    Пікір қалдыру

    one × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.