11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Кішкентай қызды зорламақ болған 75 жастағы қария оны кәмпит беріп, алдап шақырған (видео)

    Ақтөбеде кішкентай қызды зорламақ болған қария балаларды кәмпитпен алдап, үйіне шақырған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

    Ақтөбеде тапатал түсте 75 жастағы егде адам кішкентай қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталған. Куәгерлердің айтуынша ол кішкентай қызды кәмпитпен алдап, үйіне шақырған.

    Бұны көрген қарияның көршілері оны бейнежазбаға түсіріп алған. Тұрғындар 75 жастағы егде адам қызға азғындық әрекет жасамақ болғанын өз көздерімен көргенін айтты. Ақтөбелік қария балалардан үйін жинап беруді өтінген көрінеді. Алайда күдіктінің өзі бұл деректі жоққа шығарды. 

    “Менің де қызым бар. Олар ойдан шығарып отыр” , – дейді айыпталушы.

    Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті түсініктеме беріп, мән-жайды түсіндірді.

    “Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 124 бабы бойынша “Кішкентай балаларды азғындыққа тарту” тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр” – дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Саркулов.

    https://www.instagram.com/p/ByPYbByAjsd/?igshid=s23b31sk13ma

    қатысты посттар

    “Қордайдағы қақтығысқа Әбләзов кінәлі…” – депутат Смағұлов (видео)

    Экс-президентті ұстау кезіндегі жантүршігерлік кадрлар (фото, видео 18+)

    Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.