5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» VI республикалық өнер байқауының қорытындысы

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Ақмола облысының білім басқармасы бірлесіп 2019 жылдың 21-23 қараша күндері Бурабай ауданында Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі базасында шығармашыл оқушылар арасындағы VI республикалық «Ақберен» өнер байқауын өткізді (Бұдан әрі – Байқау).

    Байқаудың мақсаты: 8-11 сынып оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б. қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.

    Байқаудың ең үздік жеңімпазы мен жүлдегері атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен және Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатынан 8-11 сынып оқушылары арасында 102 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.

    Байқаудың республикалық кезеңі Ережеге сәйкес 6 номинация бойынша өтті.

    1. «Шешендік, білгірлік сайысы» – қазақ тарихы, мәдениеті фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу;
    2. «Көркем сөз оқу» – поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді;
    3. «Эссе жазу»;
    4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» – домбыра, қобыз, жетіген және т.б.;
    5. «Ақындар айтысы»;
    6. «Ақындар мүшәйрасы»

    Байқаудың қазылар алқасы еліміздің жоғары оқу орындарының ең үздік ғалымдары мен ақын, жазушыларынан құралды.

    Қазылар алқасының төрағасы қызметін – «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2012» мемлекеттік грантының иегері, Республикалық, Халықаралық ақындар айтыстарының жеңімпазы, Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы атқарды, сондай-ақ, ол байқаудың жабылу салтанатында оқушылар мен жетекшілерге осындай байқауға келіп қатысып өздерін көрсеткендеріне ризашылықтарын білдіріп, қазақ айтысының, қазақ шешендік өнерінің жалғасы бар екенін мақтан етті. Жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік жатқанының куәсі болғандарын жүрекжарды айтты.

    Қазылар алқасының шешімімен жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен,грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен 37 оқушы марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 12 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 12 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 14 оқушы ие болды.Команда бойынша 1 орынды – Қарағанды облысы , 2 орынды – Жамбыл облысы, 3 орынды – Ақтөбе облысы қанжығасына байлады.

    Барлық қатысушылар мен жетекшілерге байқауға қатысқаны жөнінде сертификаттар және футболкалар берілді.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі төменде қосымшада көрсетілген.

     

    Директордың м.а.                                                                     Ш.Қирабаева

     

    Қосымша

     

    Ақындар айтысыноминациясы бойынша:

     

    I  дәрежелі дипломмен:

    Ергалиев Алихан –10 сынып оқушысы, Қарағанды облысы;

    Абитилда Нұрислам – 10 сынып оқушысы, Абай атындағы РММИ.

    ІI  дәрежелі дипломмен:

    Смет Сағыныш – 11 сынып оқушысы, Ақтөбе облысы;

    Базарбай Азамат – 11 сынып оқушысы, Павлодар облысы.

    ІІI  дәрежелі дипломмен:

    Азатбек Бергенбек – 11 сынып оқушысы, Ақмола облысы,

    Қонарбаев Мұхтар – 11 сынып оқушысы, Жамбыл облысы

     

     Ақындар мүшәйрасыноминациясы бойынша:

     

    I  дәрежелі дипломмен:

    Сәрсембай Арқат – 9 сынып оқушысы, Түркістан облысы.

    ІI  дәрежелі дипломмен:

    Асқар Мағжан – 10 сынып оқушысы, Қарағанды облысы,

    Махашов Әлихан – 10 сынып оқушысы, Қызылорда облысы,

    Жарқынбек Самғар – 9 сынып оқушысы, Шығыс Қазақстан облысы.

    ІІI  дәрежелі дипломмен:

    Дәуренбекұлы Абылай – 10 сынып оқушысы, Абай атындағы РММИ.

     

    Эссе жазуноминациясы бойынша:

     

    I  дәрежелі дипломмен:

    Шауалиева Кенжегуль – 11 сынып оқушысы, Ақмола облысы,

    Саламат Дана – 11 сынып оқушысы, Жамбыл облысы,

    Төлеміс Мөлдір – 12 сынып оқушысы, Назарбаев Зияткерлік мектебі.

    ІI  дәрежелі дипломмен:

    Абикахорова Ақтоты – 11 сынып оқушысы, Қарағанды облысы,

    ІІI  дәрежелі дипломмен:

    Малдыбаева Дильназ – 9 сынып оқушысы, Қостанай облысы

    Жанғабаева Аяжан – 11 сынып оқушысы, Алматы қаласы.

     

    Шешендік, білгірлік номинациясы бойынша:

     

    I  дәрежелі дипломмен:

    Кемелбай Жанеля – 11 сынып оқушысы, Жамбыл облысы,

    Литпин Дина – 11 сынып оқушысы, Нұр-Сұлтан қаласы.

    ІI  дәрежелі дипломмен:

    Атағалиева Лаура – 10 сынып оқушысы, Ақтөбе облысы.

    ІІI  дәрежелі дипломмен:

    Досымханова Аягөз – 9 сынып оқушысы, Қостанай облысы,

    Шарипжан Самғат – 11 сынып оқушысы, Алматы қаласы,

    Харжаубай Байболсын – 10 сынып оқушысы, Шығыс Қазақстан облысы.

     

    Көркем сөз оқуноминациясы бойынша:

     

    I  дәрежелі дипломмен:

    Пазыл Мәди – 10 сынып оқушысы, Қарағанды облысы,

    Нұрханұлы Шерхан – 11 сынып оқушысы, Қызылорда облысы,

    Әзірбай Ақжол – 10 сынып оқушысы, Маңғыстау облысы.

    ІI  дәрежелі дипломмен:

    Жусупова Айзат – 8 сынып оқушысы, Ақмола облысы,

    Жексенбі Ринат – 11 сынып оқушысы, Жамбыл облысы.

    ІІI  дәрежелі дипломмен:

    Құдабай Назерке – 11 сынып оқушысы, Солтүстік Қазақстан облысы,

    Құрымбай Ерлан – 9 сынып оқушысы, Түркістан облысы,

    Омарғали Аружан – 9 сынып оқушысы, Шығыс Қазақстан облысы.

     

    Ұлттық аспапта өнер көрсету номинациясы бойынша:

     

     I  дәрежелі дипломмен:

    Урманова Сымбат – 9 сынып оқушысы, Батыс Қазақстан облысы.

    ІI  дәрежелі дипломмен:

    Демеуова Әйгерім – 10 сынып оқушысы, Атырау облысы,

    Ахат Ахмедий – 9 сынып оқушысы, Павлодар облысы,

    Жүсіпбеков Мирас – 11 сынып оқушысы, Нұр-Сұлтан қаласы.

    ІІI  дәрежелі дипломмен:

    Темур Аружан – 8 сынып оқушысы, Ақмола облысы,

    Байгузиев Ілияс – 11 сынып оқушысы, Қарағанды облысы,

    Сатина Нұрайым – 10 сынып оқушысы, Солтүстік Қазақстан облысы.

     

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметімен танысты

    Фариза

    Қызылордада мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз орта қалыптастыруда кемшіліктер жойылды

    Фариза

    Қызылордада 150-ге жуық көшеге залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.