15 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 150-ге жуық көшеге залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі

    Облыста наурыз айынан бастап 234 мың шаршы метр аумаққа залалсыздандыру
    жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы
    басқармасының басшысы Усаин Медет мәлімдеді.

    «Қазіргі таңда індеттің алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары
    жалғасуда. Оған қала, аудан әкімдіктері тарапынан қажетті қаржы бөлінді. Әсіресе, облыс
    орталығының халық көп шоғырланған аумағына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу
    үшін әкімдікпен бірге әскери қызметкерлер де тартылды. Әскери қызметкерлер күнделікті
    50 мың шаршы метрге дезинфекция жұмыстарын жасауда.

    Атап айтқанда, қалалық демалыс паркі, теміржол және автовокзал, ескі базар аумақтары және 13 көшеге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, шілде айының соңына дейін тағы 133
    көшені залалсыздандыру жоспарланып отыр», – деді сала басшысы.

    қатысты посттар

    Қызылордада биыл егіс алқабына 4 млрд текше метр су құйылады

    Фариза

    “Жау ұшақтарын талқандаған батыр 22 жаста болды” Талғат Бигелдиновтың көз жұмғанына бес жыл

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.