Воскресенье, 18 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатСаясат

    Назарбаевқа бюджеттен 330 миллион теңге бөлінбек

    Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» зымыран кешенін дамытуға 330 миллион доллар бөлінеді. Бұл жөнінде премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zhasalash.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Оның сөзінше, Қазақстан бұған дейін Ресеймен «Бәйтерек» зымыран кешенін бірлесіп жасауға уағдаласқан. Осыған байланысқы бюджеттен 330 миллион доллар бөлінбек. Әзірге жобаның қашан басталатыны белгісіз.

    Бұдан бөлек, Мамин Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Гагаринский старт» кешенін күрделі жөндеуден өткізуге бағытталған бағдарлама жасалып жатқанын жеткізді.

    Айта кететін бір жайт, қыркүйек айында Ресей президенті Владимир Путин «Бәйтерек» кешенін «Назарбаев» деп өзгертуге ұсыныс жасаған. Оны Нұрсұлтан Назарбаев қабыл алған. «Интерфакс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресей тарапының бастамасымен болашақта «Гагаринский старт» кешеніне де «Назарбаев» аты беріледі.

    қатысты посттар

    Әлемдік саясаткерлер мен лидерлер Нотр-Дамдағы өртке байланысты париждіктерге көңіл айтты

    Рұқсат берілсе де, берілмесе де 31 мамыр шеруге шығамыз — Азат Перуашев

    Forte bank әлемнің үздік 3 банкінің қатарына кірді

    Пікір қалдыру

    one × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.