11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Назарбаев: Дағдарыс болуы мүмкін

    Елбасы әлемдік державалар арасындағы бәсекелестік жаңа деңгейге шыққанын, ал АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы қалыпты жағдайға айналғанын атап өтті

    Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Astana club” саяси форумының пленарлық мәжілісін ашты. Биыл осы пікірталас алаңының құрылғанына бес жыл толып отыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Назарбаев өз сөзінде әлемдік экономикадағы жағдайға қатты алаңдайтынын жеткізді.

    “Бізді әлемдік экономикадағы жағдай алаңдатып отыр. Одан төніп тұрған дағдарыстың белгілері барынша байқалып жатыр. Сауда саласындағы қайшылықтар мен гесосаяси тұрақсыздық күшейіп жатқанда жаһандық институттар да тиісті болжамдарын жасап отыр. Жаһандық өсімнің баяулап кетуі әлемдік сауда-саттықтың дамуына кері әсерін тигізуде. Жаһандық мемлекеттік қарыздың деңгейі 2007 жылғы дағдарыстың алдындағы көрсеткіштен екі есеге асып, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 80 процентіне жетті”, – деді Назарбаев.

    Елбасының айтуынша, осы факторлардың барлығы әлемдік тұрақтылыққа кері әсерін тигізіп отыр. Еуразия мемлекеттері де ол үдерістерден тыс қалмайды.

    “Әлемдік державалар арасындағы бәсекелестік те жаңа деңгейге шықты. АҚШ пен Қытайдың өзара санкциялары, сауда соғыстары қалыпты жағдайға айналды. Батыс пен Ресей арасындағы жағдай да солай. Бұның барлығы стратегиялық ынтымақтастықты қалпына келтіру жұмысын қиындатып отыр”, – деп атап көрсетті Назарбаев. 

    Айта кетейік, биылғы форумның тақырыбы – “Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі”. Спикерлердің ішінде бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, министрлер мен Нобель сыйлығының лауреаттары бар.

    қатысты посттар

    “Жүйе өзгермей, бұл дау басылмайды…” – Бекболат Тілеуханов

    “Мен клиникаға жасырыну үшін келдім…” – Айсұлтан Назарбаев Лондоннан сұхбат берді

    Ішкі істер министрі дәрігерлерді тергеудің не себепті Экономикалық тергеу қызметі жүргізгенін түсіндірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.