18 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Шымкентте екі жасар бүлдіршінді пойыз қағып кетті

    Шымкентте екі жасар бүлдіршінді пойыз қағып кетті. Ауыр бас-ми жарақатын алған ойын баласы сол жерде тіл тарпай кеткен. Осы оқиға байланысты қазір, тәртіп сақшылары қылмыстық із қозғап, тергеу амалдарын бастады.

    Ал, теміржолға жауапты мамандар рұқсат етілмеген өткелдерінің барлығын жабуға кірісті. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі stan.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Оқыс жағдай міне осы жерде болған. Ата ананың қарауынсыз қалып кеткен екі жасар бүлдіршін жолдың белгіленбеген жерінен өтпекші болған екен. Сол сәтте Шымкентке келе жатқан жүк пойызы оны байқаусызда қағып кеткен. Салдарынан бүлдіршін қайтыс болды.

    Қапияда перзентінен айырылған отбасы теміржол аймағында тұрады екен. Сол күні 2 жасар бүлдіршін әпкесінің соңынан еріп шығып, шойын жолдың арғы бетіндегі дүкенге бармақшы болыпты. Бірақ, інісінің ізінен ергенін әпкесі байқамаған екен.

    Елнұр  ерлі-зайыптылардың кенжесі, отбасыдағы төртінші ұл бала болған екен. Анасы бесіншісіне жүкті. Осы жағдайдан кейін ол ауруханаға түскен. Қазір, үйдегі бала-шағаға жолдасы ие болып отыр.

    “3-жолдан өте алмай қалған ғой. Өйткені, баланың денесі сау. Еш жері сынбаған. Тек, қана бас сүйегінен зақым алған”, – деді әкесі.

    Бұл аймақ тұрғындар үшін аса қауіпті. Қарапайым жұрттың теміржолдан арлы-берлі өтуіне арнайы өткелдер жасалған, бірақ алыс жерде. Сондықтан балалар мен ерсектер де теміржолшылардың қызметтік өткелдерін пайдалануға мәжбүр. Оның үстіне, өтуге арналған белгі де жоқ. Кешегі жағдайдан кейін, теміржолшылар өткелге есік орнатып жатыр. Бір емес бірнеше рет орнаттық дейді.

    Теміржолшылардың айтуынша, осы жерден күніне 20-дан астам пойыз өтеді екен. Тұрғындардың қауіпсіздігін ескеріп, сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүретін көрінеді. Бірақ бұған осы маңдағы жұрт сенбейді. Жолаушылар және жүк пойыздары зуылдап жүріп жатқанын айтады. Сол үшін дәл осы жерге арнайы өткел жасап берсе дейді.

    Аталмыш дерекке байланысты Шымкент желілік полиция басқармасы тергеу амалдарын бастады. Қылмыстық Кодекстің 344 бабының 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Ал, Елнұрдың ата-анасы ұлының өліміне ешкімді кінәламайтынын айтты.

    қатысты посттар

    Қорықшыны өлтірген қылмыскерлердің туыстары сот үкіміне наразылық білдірді

    Атыстан қаза тапқан полицейлердің артында жеті баласы қалды

    Фариза

    “Бойкот”, “Масқара” Алматыда полиция бірнеше адамды ұстап алып кетті (видео)

    Пікір қалдыру

    four × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.