22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға Саясат

    Әлемдік саясаткерлер мен лидерлер Нотр-Дамдағы өртке байланысты париждіктерге көңіл айтты

    Әлемдік саясаткерлер мен католик шіркеулерінің лидерлері әлемдік мәдени мұра ескерткіші – Париж Құдай ана шіркеуінің отқа орануына байланысты Франция халқына көңіл айтты, деп хабарлайды centralasian.org порталы.

    Франция президенті Эммануэль Макрон апат орнына барып, өрт әрбір француздардың “жанының жартысын” өзімен бірге алып кетті деді:

    Макрон шіркеуді қайта қалпына келтіру жұмыстары тезарада жүретінін айтты.

    Ватикан да Париждегі өртке қатысты Твиттер арқылы үн қатты:

    “Қасиетті тақ Франция мен бүкіл әлем христиандарының символына айналған Нотр-Дам шіркеуін ораған өртті қатты қайғырумен ұқты”, – деп жазады Ватикан баспасөз хатшысы Алессандро Джизотти.

    АҚШ президенті де Париждегі өртке байланысты көңіл айтты:

    “Ұшатын цистерналарды өртті сөндіруге қолдану керек. Тез арада әрекет ету керек!” – деп жазады Дональд Трамп.

    АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама да Твиттер арқылы былай деді:

    “Notre Dame әлемдегі ең ұлы мәдени мұра. Дәл қазір қайғыны бастан кешіріп отырған Франция халқы туралы ойлаймыз. Жоғалтуды жоқтау, оны қалпына келтіру біздің талабымыз”.

    қатысты посттар

    Батыс Қазақстан облысында пойыз аударылды

    Фариза

    “Алматыда күшті жер сілкінісі болуы мүмкін” Тұрғындарға қандай қауіп төніп тұр?

    Фариза

    Алматы облысында бүтін бір отбасы иіс тиіп, қайтыс болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.