11 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Божко: Ешқандай жұмыс істемей, «беріңдер» деп бәрін қарғайтындарға тоқтау салу қажет

    Владимир Божко қазақстандықтарға мемлекет аумағындағы шетелдік арнайы қызметкерлердің іс-әрекеттерінің қауіптілігін ескертті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Oinet.kz порталына сілтеме жасап.

    Кезекті Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында мәжіліс төрағасының орынбасары шетелден келіп, өз мүддесі үшін ел арасына  іріткі салу мақсатында жұмыс жасайтындардың теріс әрекеттеріне наразы екендігін айтып өтті.

    Депутат сонымен қатар Қазақстандағы тұрақтылықты нақты кімдер алаңдататынын түсіндірді.

    «Сіздерге Аблязов жетпей ме? Одан басқа тағы билікке көңілі толмаушыларға сенім білдіру үшін оларға қолдау көрсететін арнайы қызметкерлер де жоқ емес.»

    Ал халық жалған ақпаратқа иланбас үшін қандай шара қолдануға болады деген сұраққа Владимир Божко:

    «Ақыл таразысына салу қажет. Биліктің жасап жатқан жұмысына көзді ашып қарау қажет. Мәселен елдегі әлеуметтік тараптан қолдау небәрі үш жылдың ішінде 17 есеге өсіп отыр.

    Тіпті жалғыз осы себеп үшін де мемлекетке тізерлеп отырып алғыс айту қажет. Ешқандай жұмыс істемей, «беріңдер» деп бәрін қарғап шығатын адамға тоқтау айтатын қоғамдық пікір болуы қажет.»

    Естеріңізге сала кетейік, Владимир Божко өзі де ұзақ жылдар арнайы қызметте жұмыс жасаған. Қазірде Қазақстанның мемлекет қайраткері, Ұлттық қауіпсіздік офицері, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты.

    қатысты посттар

    Қасым Жомарт Тоқаевтың үндеуі қаншада көрсетілетіні белгілі болды

    Фариза

    Тоқаевтың сыныптасы бұрын беймәлім болған деректерді жариялады

    Қырғызстандағы қырғын: Экс-президентті ұстау барысында 15 адам зардап шекті

    Пікір қалдыру

    three × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.