18 C
Алматы
Сенбі, 18 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Жантүршігерлік өлім” Жас бала өз отбасын балталап өлтірді

    Құқыққорғаушылар жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

    Ресейдің Ульянов облысында тергеушілер бүтін бір отбасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

    18 тамыз күні таңертең Патрикеево ауылындағы үйлердің бірінен 66 жастағы ер адамның, 69 және 42 жастағы екі әйелдің және төрт жастағы екі баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған.

    Кейінірек ауыл жанындағы ұялы байланыс мұнарасының қасынан құқыққорғаушылар қаза тапқандардың туысы – 16 жастағы жасөспірімнің денесін тапты.

    Алдын ала болжам бойынша, бозбала отбасы мүшелерін балтамен өлтіріп, өз-өзіне қол салған. Ол шизофренияға шалдыққан болуы мүмкін, деп мәлімет берді өңірлік прокуратура өкілі.

    Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталады.

    қатысты посттар

    БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау басталды

    Фариза

    Билетсіз ұшаққа мінген жолаушы құлап, біреудің ауласына түскен

    Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары үйқамаққа ауыстырылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.