15 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Назарбаев: Мысалы менің үш қызым бар, неге Қазақстанды әйел басқара алмайды? (видео)

    2016 жылы Санкт-Петербургте өтіп жатқан халықаралық экономикалық форумда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тосындау сұрақ қойылған болатын. Аталған форумда Назарбаев Қазақстанды әйел адам басқаруға мүмкіндігі бар екенін айтып өткен деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

    Расында да неге екені белгісіз, форумның модераторы  тележүргізуші әрі саясаттанушы Фарид Закария тақырыптан ауытқып, экономика туралы әңгіме болып жатқан тұста Н.Назарбаевқа АҚШ-та өткелі жатқан президент сайлауын тілге тиек ете отырып мынандай тосыннан сұрақ қояды:

    – АҚШ-ты әйел-президент басқаруға дайын ба? Сіз премьер-министрдің орынбасары етіп әйелді тағайындадыңыз. Қазақстанды ерте ме кеш пе, әйел-президент басқаруға дайын болады деп ойлайсыз ба?

    Елбасы мұндай сауал күтпеген сыңай танытты. Дегенмен тосылған жоқ.

    – Ал сіз Қазақстанды неге әйел басқара алмайды деп есептейсіз? Әбден мүмкін. Қазақстан халқының 51 пайызын әйелдер құрайды. Гендерлік саясат жақсы жүргізіліп жатыр. Парламенттегі депутаттардың 30 пайызы – әйелдер. Үкіметтің құрамында бірнеше әйел министр бар. Сондықтан ол әбден мүмкін, оның үстіне бізде бұған дайын әйелдер бар, – деді президент. 

    Назарбаев «дайын әйелдер бар» дегені сол еді, – залдағылар күліп, қол шапалақтады. Неге күлді, неге қол шапалақтады? Түсініксіз.

    – Мен олардың кейбірін танимын, – деп күлді Путин.

    Тап осы тұста Қазақстан президенті:

    – Менің үш қызым бар, сондықтан менің әйелдерге деген қарым-қатынасым ерекше, – деп жауап берді.

    Елбасының форумда айтқан сөздерін қалай жоруға болады? Ол «шығыстық, азиялық менталитетке сәйкес біздің әйелдеріміз әлі ел басқаруға дайын емес» деген жоқ. «Әйел-президентті халық қабылдауға дайын емес әрі әбден пісіп-жетілген ешқайсысы жоқ» демеді. «Әбден мүмкін» деді.

    Иә, бүгінде Парламенттің қабырғасында жүрген депутаттардың біразы – нәзік жандылар. Алайда Үкіметтегі министр-әйелдердің саны көп емес. Вице-премьер Дариға Назарбаева мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ғана. Гүлшара Әбдіхалықова мемлекеттік хатшы. Енді ойланып көріңізші, Елбасының «дайын әйлдер» дегеніне осылардың қайсысы лайығырақ. Әрине, Дариға Назарбаева.

    Дариға дап-дайын президент. Президенттік креслоны оның қашан алатыны белгісіз. Бірақ қазірдің өзінде ел осы ақпаратқа бой үйрете берсін, болашақ президент ретінде қабылдай берсін деген саясат басталып кеткен сияқты ма қалай өзі?!

    қатысты посттар

    Қызылордадағы жаңа шектеулер: Неге тыйым салынды?

    Фариза

    “Полиция шерушілерді ұстай бастады”. Ресейде әділ сайлауды талап еткен митингілер өтуде (видео)

    “Ешкім жәбірленушіні жақтамайды”. Тальгода зорланған қыз әділдік іздеп мұңын шақты (видео)

    Пікір қалдыру

    two × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.