21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордадағы жаңа шектеулер: Неге тыйым салынды?

    Қызылордада облыстың бас санитар дәрігері тиісті қаулы шығарып, карантиндік шараларды тағы да күшейтті. Өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың айтарлықтай өсуі байқалады.

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтіп, онда коронавирус инфекциясына қатысты алдын алу шаралары қаралды.

    Республика бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі болып тұр. Кейінгі кезде күн сайын мыңға жуық адамнан инфекция табылды, деген Әбдіқалықова Қызылорда облысының аумағында 665 науқас анықталғанын, оның ішінде 507 пациентте ауру белгісі бар, ал 158 науқаста ауру симптомы жоқ адамдар екенін атап өтті.

    Жиын қорытындысында облыстың бас санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова аймақтағы карантин шараларын күшейтуге шешім қабылдады.

    Неге тыйым салынды?

    Өңірде жаппай басқосулар мен отбасылық іс-шараларға, діни шаралар өткізу тоқтатылды. Сол сияқты, үйлену тойы, құдалық, басқа да салт-дәстүр мен әдет-ғұрып шаралары сияқты барлық жиынға тыйым салынады.

    Кинотеатрлар мен түнгі клубтар әзірге ашылмайды. Пәтерлерді тәуліктік жалға беруге болмайды.

    Компьютерлік және интернет, бильярд клубтары, букмекерлік және лото-кеңселердің жұмысы (келушілер мен қызметкерлерін қосқанда), бір адамға кемінде 4 шаршы метр құрайтын көлемді сақтай отырып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

    Балабақшалар мен білім беру орталықтарының қызметі қалай реттеледі

    Балабақшалардың кезекші топтарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық балабақшаның жұмысы тоқтатылады.

    Білім беру орталықтарының, үйірмелердің, қосымша білім беру орталықтарының (репетитор, тіл үйрену) жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін шектеледі.

    Сондай-ақ, балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру және мектеп жанындағы күндізгі лагерьлердің, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының жұмысына да тыйым салынады.

    Қашықтан жұмыс істеу тәртібі

    Кеңселер қашықтан жұмыс істейді.

    Штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар, басқа да кеңсе қызметкерлерінің 80%-і қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылады, делінген қаулыда.

    ХҚКО, банк, дүкендер мен базарлар нешеге дейін жұмыс істейді?

    Онлайн-форматта қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда ХҚКО жұмысы 09.00-ден 17.00-ге дейін қысқартылады.

    Облыс, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысы сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі, бұл ретте жолаушылар саны көліктегі орын санынан аспауы тиіс.

    Такси қызметтері санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық ережелер алгоритмдерін сақтай отырып 2 ересек адамға дейін немесе бір ересек адам екі кәмелетке толмаған баланы алып жүру талаптарын сақтай отырып сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

    Жәрмеңкелердің, азық-түлік емес тауарлар, киім-кешек базарлары мен сауда орындарының жұмысы сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін шектеледі.

    Саябақтар мен спорт нысандары жабылмайды

    Қазіргі кезде Қызылордада саябақтар мен спорт нысандары ашылды және карантин шаралары күшейтілгеніне қарамастан олар қайта жабылмайды. Тек, әлеуметтік арақашықтық ережелері сақталады.

    Сонымен қатар барлық меншік нысанындағы спорт объектілерінің (фитнес клубтар, тренажер залы мен спорт кешендері) жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектейді.

    Демалыс саябақтарында барлық аттракцион, ойын алаңдары, кассалар мен кәсіпкерлік нысандарда азаматтардың бір мезетте шоғырлануын болдырмай, 1,5 метрлік әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып кемінде сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

    Сондай-ақ, адам көп жиналатын жерлерде маска тағу міндеттеледі.

    қатысты посттар

    Карантинге байланысты мемлекеттік және әскери нысандардың күзеті күшейтілді

    “Сергекте” жаңа функция қосылды: Алматыда бір тәулікте 12 миллион теңге айыппұл жазылған

    Фариза

    Қызылордада жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.