5.5 C
Алматы
Воскресенье, 15 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатҚоғамСаясат

    «Біреулер қазақтарды қырғыздар секілді көтерілуге шақырып жатыр…»

    Елімізге белгілі журналист Жолымбек Мәкіш өзінің Facebook парақшасында Қырғызстандағы болып жатқан жағдайға байланысты пікір білдірді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Оның айтуынша, кейбіреулер қазақтарды да солай көтерілуге шақырып жатқан сыңайлы.

    «Ешқашан көрші елде болып жатқан қақтығысты елге алып келуге тырысып, қазақты қырғыздан қор көретін пост жазуға болмайды. Кешеден бері қырғыздардың алтын кенішінде болып жатқан төбелесті қайта-қайта лентаға шығарып, біреулер бізді де солай істеуге үгіттегендей болып жатыр. Қырғыздың бас көтеріп жатқаны мықтылығынан емес, қазақтың үндемей отырғаны да әлсіздікке жатпайды, ағайын. Үндемесе, әліптің артын күтіп, сабыр сақтап отырғаны шығар. Қырғызстаның Қазақстанның бір облысына да жетпейтін жер ғой. Бір облыстың көлеміне жетпейтін жерді бақылауға ұстауға болады, бірақ содан 15 есе үлкен елде дәл сондай қақтығыс жасауға тырысу – артын ойламайтын ақымақтың ісі! Қырғыздың өз жолы, қазақтың өз жолы бар. Қазақ әділетсіздікке ашынып шығатын болса, қырғыздардан көргенін істемейді, өз еркімен шығады!» — деп жазады Жолымбет Мәкіш.

    қатысты посттар

    Таразда пойыздың үстінде сэлфи жасамақ болған жасөспірім ажал құшты

    Фариза

    «Қоғамның дені сау емес… Есі дұрыс адам солай жасай ма?» — депутат

    Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.