22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Шымкенттік әке 15 жастағы жаңа босанған оқушы қызын үйден қуып жіберді

    15 жасар Гүлмираны босанған соң туған әкесі үйден қуып шықты. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Отырар арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Алдымен Гүлмира мен әкесін аналары тастап кеткен, артынан сіңілілерімен бірге әкелері мектеп-интернатқа өткізіп тастаған. Жасөспірім қыз баласының әкесімен сол жерде танысқан. 

    Нәрестенің алғашқы қозғалысын  жас ана үйдегі онлайн оқу кезінде сезген. Әкесі қызының әрекетіне ашуланып, анасына жіберген. Бірақ туған анасы да қызына қарайласқысы келмеген.

    «Оқушы қызды жүкті қылған жігіттің анасы немересі екенін білген соң, өз үйіне кіргізді. Қалыңмал ретінде 2 миллион теңгенің жерін беруге ата-аналар өзара келіскен», – дейді Шымкенттегі дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпова.

    Гүлмира ұлын қалалық №2 аналар үйінде дүниеге әкелген. Заң бойынша, кәмелет жасқа толмаған қыздың босанғанын медбикелер полиция мен қорғау ұйымдарына хабарлаулары керек болған. Бірақ дағдарыс орталығы мамандарының айтуынша, дәрігерлер туғанына қатысты анықтама қағазды да бермеген.

    Сәбиін дүниеге әкелген соң үш аптадан кейін оқушы қыз баласымен далада қалған. Жарты жыл бойы оған мейірімді адамдар көмек қолын созған. Қанша қиын болса да ол баласын тастамаған. Жасөспірім қыз ұлымен бірге екі айдан бері «Көмек» дағдарыс орталығында тұрып жатыр.

    қатысты посттар

    MEGA желісінің барлық сауда және ойын-сауық орталығы жабылды

    Фариза

    Шектеулер мен Ashyq қосымшасы Ата заңға қайшы емес пе? Бекшин жауабы

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда шенеуніктің ұлы баланы қағып, қашып кеткен

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.