Воскресенье, 16 марта 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Жарақат белгілері бар». Түркістан облысында балалар лагерінде ересектер кішкентайларды ұрып-соққан

    Түркістан облысының Сайрам ауданындағы балалар лагерінің бірінде балаларымызды ересектер ұрып-соқты деген ата-аналар шағымданды. Айтуларынша, жоғары сыныптың баласы өзінен төмен оқитын оқушыларды тәртіп бұзғаны үшін соққыға жыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап. 

    Тіпті балаларды жүз мәрте отырып-тұрғызып, қолдарын уқалатты және бұл тұрақты жасалып келген деп отыр. Ата-ананың бірі баласының денсаулығына елеулі зиян келгенін айтады. 

    «Балам сол жерде жүріп төрт келі салмақ тастаған.  Жарығы ісіп кетіпті. Содан баламды алып кеттік», – дейді ата-ана. 

    Қарабұлақтан жеті шақырым жердегі балалар лагеріне келген ата-аналар тәрбиешілерге де ашулы. Оқушылардың жазғы демалысына арналған лагерь басшылығы әлімжеттіктің мүлде болмағанын айтуда. Тек ересек оқушылар оларды тәртіпке шақыру мақсатында он мәрте отырып-тұрғызғанын айтады. Басқа көрсетулер негізсіз дейді. 

    Ал балаларды соққыға жықты делінген ересек оқушы оларды ұрып-соғу болмағанын айтып, ақталған. 

    Ата-аналар түгел арызданғанымен, сараптама өтуге бір ғана бала барады. Өйткені жарақат белгісі сол балада ғана екен. Лагерь басшылығы сараптамадан да, шағымнан да қорықпайтындарын айтты. Өйткені ұрып-соғу болмады деп отыр. 

    қатысты посттар

    Қызылордада Сырдария ауданындағы эпидемиологиялық ахуал талқыланды

    Фариза

    Билетсіз ұшаққа мінген жолаушы құлап, біреудің ауласына түскен

    Таразда қалалық сот ғимаратын жармақ болғандар ұсталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.