-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Тараздық түлек 135 бал жинады

    Күні кеше алтын ұя мектептерімен қоштасқан 8813 жамбылдық түлектің 5916 сы Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсырды. Нәтижесінде, 138 балдық жоғары көрсеткішке Мойынқұм және Жуалы аудандарының оқушылары қол жеткізді. Ал, олардың 45,4 пайызы 100 балдан жоғары көрсеткіште жинаған. Жылдағыдай дарынды ұл балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының бітірушілері биыл да үздік нәтиже көрсетті. Мәселен, 135 ұпай жинаған Жәнібек Жапарғали мектептің рекордтық көрсеткішін жаңалап отыр. Жалпы, биылғы ҰБТ-да тек Тараз қаласы ғана емес, Жамбыл облысының бірқатар аудандарына да жоғарғы көрсеткіш көрсетіп отыр. Бұл білім деңгейінің ауылды жерде де жақсы дамып келе жатқандығын көрсетсе керек. Себебі, қазір ауыл мектептері материалдық-техникалық жағынан толық қамтылып, жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытуға көшкен. Шалғайдағы мектептерде сабақ беретін ұстаздар да біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отыр. Осындай факторлар білім саласындағы оң бетбұрысқа әкелуде. Енді тақырыпқа ойыссақ. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы – бұл мектеп бітірушілер үшін аса жауапты кезең. Кейіпкеріміз, Жәнібек те тестілеу алаңына жүрексіне қадам басты. Ол оқу жылының басынан Ұлттық бірыңғай тестілеуге мақсатты түрде дайындалған. Соңғы дайындық барысында 133 ұпай жинаса керек. Десе де, қобалжуы басым болыпты. Сынақтың соңғы минуттарына дейін тапжылмай отырып, алдына келген сұрақтардың дұрыс жауабын белгілеумен болғанын айтады. Үш тілде әрі жан-жақты білім алған оның алдағы арманы асқақ, талабы таудай. Жәнібек Жапарғалидің өзі осы жетістікке мектебім мен ұстаздарымның арқасында жеттім, егер су бір орынында тұрып, жылжымаса ол сасық суға айналады. Мен үшін адам да солай. Ол үнемі ізденісте әрі қозғалыста болуы шарт. Қазақстанның азаматы болғанымды мақтан етіп, еліме елеулі, халқыма қалаулы азамат болғанды қалаймын дейді болашағынан үлкен үміт күттіретін жас түлек. Жәнібек Жапарғалимен әлбетте ұстаздары да мақтанады. Ол мектепті үздік аттестатқа тәмамдаған. Одан бөлек мектепішілік өнер додаларында да топ жарып жүріпті. Бір сөзбен айтқанда, «Жігітке жеті өнер де аз» деген қағиданы ұстанады, — дейді мектеп басшысы. Ал, оның сыныптас достары Жәнібектің алғыр әрі өз ісінің шебері екендігін, мектепішілік іс-шараларда үнемі көшбасшы болып жүретіндігін айтып отыр. Жалпы, аталған білім ордасын биылғы оқу жылында барлығы 58 оқушы аяқтады. Олардың 6-ауы «Алтын белгі», 21-і үздік аттестат иегері атанды. Былтыр мектеп-интернаттың ҰБТ-дағы ең жоғарғы нәтижесі — 134 ұпай болса, Жәнібек бұл көрсеткішті жаңартты. Яғни, бір баллға озып отыр. Бұл Тараздағы іргелі оқу ордасының бірі үшін де үлкен көрсеткіш. Себебі, Жамбыл облысы бойынша, Тараз қаласының өзінде қаншама орта мектептер мен білім нысандары бар. Ал, оның ішінен топ жарып, оза шабу осындай түлектердің арқасы болса керек. Енді Жәнібек Жапарғали Халықаралық құқықтар мамандығы бойынша Алматыдағы Сүлеймен Демирель атындағы университетке оқуға түсуді мақсат етіп отыр.

    қатысты посттар

    ТАРАЗДА «АБАЙДАН АМАНАТ» АТТЫ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТТІ

    Фариза

    Шымкент: қала әкімі ОҚМУ-дың үздік түлектерін құттықтады

    Фариза

    ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.