14 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қосалқы шаруашылық – табыс көзі!

    Кәдеге жарата білсе қосалқы шаруашылықтың көл-көсір табыс көзі екенін талайлар түсінбей жүргенде Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғындары еңбектің көзінен байлықтың өзін тауып, көпке үлгі болуда. Әрине, тұтас аудан халқы ауласындағы қосалқы шаруашылықтың жұмысын ширатып, байлықтан шекесі шылқып отыр деп асыра сілтеуден аулақпыз. Дегенмен, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің әр ауылға барғанда айтып жүрген әңгімесіне мысал бола алатын ажары ашылған аулалар да бар. Көрсең көз тойып, көңіл марқаятын солардың бірқатарын көпке үлгі етсе болады.
    Мәселен: Қызыл Жұлдыз ауылының тұрғыны Нармина Акифома 25 жылдан бері көкөніс, бау-бақша дақылдарын өсірумен айналысып келеді. Жерге теріңді төксең, жеміске кенелетінін әке тәрбиесімен бойына сіңірген Нармина Акифоманың алға қойып отырған жоспары да көп. Айтуынша, қазіргі табысы да аз емес. Әр маусымда кемі 500-700 мың теңге көлемінде табыс табады. Өнімдерін Тараз қаласындағы ірі сауда нүктелеріне, аудан орталығындағы дүкендерге өткереді. Алайда, шаруа тек мұнымен шектеліп қалмай аймақ басшысы беріп отырған мүмкіндікті пайдаланып қалғысы келеді. Ендігі мақсаты – жылыжай шаруашылығына ден қойып, табысын еселеу. Өйткені, дәл осы алты соттық жерден алты миллион табыс тапса болады. Сол секілді, Медемалы Агилиев ауласындағы қосалқы шаруашылығын дамытып қана қоймай, жылыжай шаруашылығы арқылы табыс табуды көздеп отыр.

    Бүгінгі таңда ол өз ауласындағы 10 соттық жерді тамшылатып суғарып отыр. Миллиондаған қаржы жұмсап, шет елден тың техника сатып алып әлек болмаған. Барлығын өз күшімен жүргізген. Бар болғаны – кәдімгі кәушік құтыны баспа құдықпен суға толтырып, биікке қойған. Қажетінде тетігін ашса су тамшылап әр түпке тамып тұр. Кеткен шығын бар болғаны 200 мың теңге. Осылайша, шаруа өз күшімен-ақ ағын су мәселесін шешіп, бақшасынан ондаған тонна өнім алуда. Міне, Медемалы Агилиевтың жоқтан бар жасаған бұл әдісін ағын суды сылтау етіп отырған көптеген елді мекен тұрғындарына үлгі етуге тұрарлықтай. Осыдан-ақ бастысы еңбектің бейнетінен қашпаған адам кез келген тығырықтан шығуға жол таба білетінін түйсінесің.
    Ал, Қызыл Жұлдыз ауылының тағы бір тұрғыны Бауыржан Дусумбаевтың тәжірибесі таңдай қақтырарлық. Отағасы қазіргі таңда ауласына заманауи үлгідегі 3, 5 соттық жерді құрайтын жылыжай құрылысын жүргізуде. Айтуынша, мұндай үлгідегі жылыжай елімізде саусақпен санарлықтай. Егер жылыжай толықтай қуаттылығына енсе жылына 4,5 тоннан құлпынай алуға болады. Сонымен қатар, сәуір-қараша айылары аралығында тоқтаусыз өнім алып тұруға мүмкіндік бар екен. Ал, жалпы жылыжай құрылысына орта есеппен 5,1 миллион теңге кетеді екен. Кеткен шығынды 1,5 маусымда ғана қайтарып алуға болады екен. Ден қойғанға биліктен демеу барын білген азамат енді жылыжайды қыста жылыту үшін көгілдір отын кіргізуге көмек сұрады.
    Міне, осы мысалдардан-ақ кез келгеніміздің ауламыздағы қосалқы шаруашылықты табыс көзіне айналдыруға мүмкіндімігіміз бар екенін білуге болады. Біле білгенге бұл жоба – бейнелеп айтсақ, “қолға балық бермей, қармақ беріп” отыр. Енді тек мойындағы жалқаулықтың қамытын шешіп тастап, білек сыбана еңбек ету керек.

    қатысты посттар

    Сап-сау кетіп, әскерден ауру болып оралған Ренатқа қатысты тың дерек жарияланды

    Фариза

    “Халықты неге алдап отыр? Қытайдан вирус кіргізіп халықты қырайын деп отыр ма?”

    Шымкентте жыл басынан бері 1807 жұп отбасын құрған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.