16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Барлықтарыңызды бос орындар жәрмеңкесіне шақырамыз!

    21 маусым күні сағат 11.00-де Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Шара барысында ниет білдірушілерге өңіріміздегі сұранысқа ие 1000-нан астам жұмыс орны ұсынылмақ. Жәрмеңкеге облыстың түкпір-түкпіріндегі 70-тен астам ірі кәсіпорындар мен мекемелердің мамандары келеді. Олардың қатарында «Өскемен металлургиялық зауыты», «Эмиль», «Өскемен ұн тарту комбинаты», «Гелиос», «Техбытсервис», «№2 қалалық аурухана» және «Өскемен қаласының арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету жөніндегі балалар орталығы» мемлекеттік мекемелері және т.б. бар. Қазіргі уақытта облыс орталығына сатушылар, нұсқаушылар, энергетиктер, заңгерлер, инженер-бағдарламашылар қажет. Сондай-ақ менеджерлер, супервайзерлер, сауда өкілдері, операторлар, кассирлер, экспедиторлар, технологтар, электр жабдықтарының мамандары, слесарьлер, жүргізушілер, көгалдандырушылар және басқа да мамандық иелеріне сұраныс үлкен. Жалпы, Өскемендегі жұмыс берушілер барлығы 120-дан астам бос жұмыс орнын ұсынатын болады. Ал Семей қаласынан 14 кәсіпорын қатыспақ. Риддерден келген жұмыс берушілер өздеріне 20-дан астам жұмысшы іздейді. Оларға әсіресе медицина қызметкерлері керек екен. Бородулиха ауданында түрлі санаттағы мұғалімдер қажет. Бос жұмыс орындарының жалпы саны – 112. Глубокое ауданында 67 бос жұмыс орны, Шемонаихада – 50, Зайсанда – 27, Катонқарағай ауданында – 10. Барлықтарыңызды күтеміз!

    қатысты посттар

    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары еліміздің оңтүстік гарнизондарында жүргізілді

    Фариза

    Жамбылдықтардың әлеуеті артуда

    Фариза

    Жамбылда 200-ге жуық тұрғын жер телімін алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.