9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте науқастар санының азаюына байланысты күндізгі стационар жабылды

    Шымкентте медициналық көмекке жүгінетін азаматтар санының азаюына байланысты жеңіл
    атлетика спорт кешеніндегі 360 орындық күндізгі стационар жабылды.

    Естеріңізге салсақ, қалада ЖРВИ мен пневмониямен ауырғандар санының күрт өсуіне байланысты
    қала әкімдігі 15 күн бұрын спорт кешенінен күндізгі стационар ашқан болатын.

    Стационарда алғашқы бірнеше күнде 500-ден 700-ге дейін тұрғын емделді. Бүгінде қалада
    эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады. Сондықтан соңғы бес күн ішінде стационарға
    келушілердің саны күніне 25 адамға дейін азайды, яғни күнделікті стационарға әр емханадан екі-
    үш емделуші келді.

    Сондай-ақ, емханалар жанындағы күндізгі стационарларда қосымша төсек-орындардың
    ашылуына байланысты аталған спорт кешеніндегі стационар қызметіне жүгіну қажеттілігі
    төмендеді. Осы себепті қала әкімдігімен жеңіл атлетика аренасындағы күндізгі стационардың
    жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бүгінде спорт кешенінде тиісті
    дезинфекциялық тазарту жұмыстары жүргізіліп, ондағы бірқатар жабдықтар емханаларға берілді.
    Айта кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес күніне сағат 08:00-20:00 аралығында қаланың барлық
    емханаларынан келген 50-ден астам медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетті.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Шымкентте «109» жедел ден қою қызметі іске қосылады

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕГІ «НАУРЫЗ» АЛАҢЫ МАҢЫНДА ЭТНОАУЫЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.