7 C
Алматы
Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Бүгінде баспаналы болудың жолы қандай?

    Жамбыл облысында ағымдағы жылы 465 мың шаршы метр тұрғын үй салынады деп жоспарланып отыр. Бұл шамамен 1500- отбасы баспаналы болады деген сөз. Жалпы, мемлекет соңғы жылдары тұрғындарды баспанамен қамту мәселесіне бел шеше кіріскендігі қуантады. Оның үстіне Елбасы жыл сайынғы жолдауында халықты өз үйімен қамтуды айтып келеді. Мәселен: Жамбыл жерінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үймен қамтамасыз етудің 3 жылдық жоспары бекітілген. Негізгі құрылыс жұмыстары облыс орталығындағы 15-ші ықшам ауданда қызу жүруде. Алда, 14- ші ықшамауданның да құрылысы басталмақ. Бас жоспарға сәйкес көне шаһардың бұл бөлігі жаңа орталыққа айналады. Қазір бір ғана 15-ші шағын ауданда 80 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті. Жалпы биыл Жамбылда мемлекеттік бағдарламамен 2305 пәтерлі 30 тұрғын үй салынады. Оның екеуі – 2020 жылға өтпелі жоба. Ал 21-і несиеге берілсе, қалғаны сатып алу құқығынсыз үлестірілетін арендалық баспаналар болады деп күтілуде. Сонымен қатар, қазіргі уақытта табысы орташа Жамбылдықтар үшін де тұрғын үй алуға тиімді жүйе – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы ипотека алу болып отыр. Атап айтқанда: «Нұрлы жер» «Өз үйім» бағдарламаларымен баспананы төменгі пайызбен несиеге қалай сатып алуға болады немесе тұрғын үй сатып алу үшін жинақ ақшаны қалай сақтау керек? Бұл туралы банк өкілдері осы аптада журналистермен жүздесіп, арнайы пресс-тур өткізді. Аталған банк тұрғын үйге ипотека алуды елімізде ең төменгі пайызда жүзеге асырады. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үйге қол жеткізу үшін, соңғы 5 жылда банкте салымшы ретінде тіркелген және атыңызда үй болмауы қажет.Алдын ала салым міндетті түрде алатын пәтер құнының 20 пайызын құраса, жылдық үстеме 5 пайызды құрайды. Әрі ай сайынғы пәтер ақысын төлей алатын қабілетіңіз де ескеріледі дейді сала мамандары. Бұл тұрғын үйдің әр шаршы метрі 140.000 тг-ден болады. Мысалы: 2 бөлмелі пәтер алу үшін, орташа есеппен 1 млн 300 мың шотына салса жеткілікті. Кредитті 19 жылға дейін рәсімдесе болады. Егер 19 жылға рәсімдесе оның 8 жылын 5 пайызбен, қалған 11 жылын 3,8 пайызға түседі. Бұл бағдарламаға қатысу үшін, міндетті түрде депозиттік шотыңыз болуы керек. Қазіргі таңда 9 шілдеге дейін 589 пәтерге өтініш жүріп жатыр. Кез-келген пәтер алам деушілер болса, келіп тіркелуіне болады. Ал, осы мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтерге оңай қол жеткізіп жатқандар да аз емес. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұтынушылар үшін 2022 жылға дейін «Өз үйім» бағдарламасын ұсынып отыр. «Нұрлы таң» тұрғын үй кешенінен баспананы 19 жылға дейін несие арқылы рәсімдеп алуға болады. Онда иелігінде тұрғын үйдің болуы талап етілмейді. Тек жалпы соманың 50 пайызы банктік депозитте болса болғаны.

    қатысты посттар

    Шымкентте туристерге арналып навигациялық стелалар орнатылуда

    Фариза

    Бердібек Сапарбаев вакцинациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕГІ «НАУРЫЗ» АЛАҢЫ МАҢЫНДА ЭТНОАУЫЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.