6 C
Алматы
Среда, 6 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семей әкімі көпбалалы аналармен кездесті

    Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов көпбалалы аналармен кезекті кездесуін өткізді. Қалалық әкімдік қабырғасында жиналған аналардың негізгі сауалдары тұрғын үй мәселесі мен атаулы әлеуметтік көмек төңірегінде болды.  Алғаш болып сөз кезегін алған Е.Сәлімов аналарды мерекемен құттықтап, қазіргі таңда көрсетіліп көкмектер жайында ақпарат берді.

    -Осы уақытқа дейін қаламызда қарқынды түрде тұрғын үйлер салынған жоқ ,- деді Ермак Сәлімов. –Ал қазір Қарағайлы шағын ауданында көптеген үйлер бой көтеріп жатыр. Бүгін таңда біз 50 көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыстадық. Осы жылы тағы 11 тұрғын үйдің құрылысын бастаймыз. Бұл үйлердегі 720 пәтер көпбалалы аналарға сатып алу құқығынсыз берілетін болады.

    Аналар атаулы әлеуметтік көмек алудың кейбір критерийлерін қарастыруды ұсынды. Отбасы мүшелеріне шаққандағы төменгі күнкөріс деңгейі 15 теңгеге артылып, атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізе алмаған аналар бар. Қала әкімі бұл сұрақ  үкіметте қаралып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ қала басшысы балаларға арналған ойын алаңдары туралы сауалдарға жауап берді.

    -Біз кеше ғана Семей қаласын дамтыудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын облыс әкімнің алдында қорғап алдық. Бағдарлама бойынша жыл сайын балалар алаңына мемлекеттік бюждеттен 1 млрд теңге қаржы бөлініп отырады. Осы жобаның көмегімен қаланың барлық аумақтары ойын алаңдарымен қамтамасыз етеміз,- деді Ермак БидахметұлыКездесуге келген барлық аналардың мәселесін тыңдаған қала әкімі, тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, барлық сұрақтар заң шеңберінде шешімін табу керектігін жеткізді.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ АТАУЫ ЖОҚ КӨШЕЛЕРГЕ 2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 100 ПАЙЫЗ АТАУЛАР БЕРІЛЕДІ

    Фариза

    ТАРАЗДА «BEST ВИДЕО» ТУҒАН ӨЛКЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Шымкентке қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу жалғасуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.