9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте қайтыс болған дәрігерлердің отбасына мемлекеттік наградалар табыс етілді

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев өз міндетін абыроймен атқару барысында қайтыс болған дәрігерлердің отбасына барып, мемлекеттік наградаларды табыс етті.

    Алдымен Мұрат Әйтенов “№1 Қалалық емхана” ШЖҚ МКК терапия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған Ағзипа Тажденованың үйіне барып, отбасына көңіл айтты.

    Ағзипа Насырқызы – медицина саласына 40 жыл ғұмырын арнаған, 20 мыңдай науқасты емдеген, білікті дәрігер. Қала әкімі I дәрежелі “Барыс” орденін дәрігердің жолдасына табыс етті.

    Сондай-ақ, қала басшысы 49 жасында көз жұмған Гаухар Бәйменованың отбасына да көңіл айтты. №1 қалалық клиникалық аурухана МКК-ның аға медбикесі Гаухар Аштайқызы “Құрмет” орденімен наградталды.

    “Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар медцина қызметкерлеріне мемлекеттік награда беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл ретте, дүниеден өткен дәрігерлеріміздің еңбегі өлшеусіз. Олар өз кәсіптеріне адалдық танытты. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Олар батыр деген атқа лайық. Барлық отбасыға әкімдік тарапынан тиісті көмек жасалады”, – деді қала әкімі.

    Шаһар басшылығы қаланың денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген,өз міндетін абыроймен атқару барысында қайтыс болған 9 дәрігерді мемлекеттік ордендермен наградтап, олардың үйіне арнайы барып табыс етті.

    Айта кетейік, “Шымкент – қайырымды қала” қорынан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына қаржылай көмек көрсетілді.

     

    Қала әкімінің айтуынша, қалада коронавирус дертімен тікелей күресіп жатқан дәрігерлердің бәрі дін аман. Шаһар басшысы оларлың кейбірі ауырып, қайта жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

    І дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталған:
    Тажденова Ағзипа Насырқызы – “№ 1 Қалалық емхана” ШЖҚ МКК терапия бөлімінің меңгерушісі

    “Құрмет” орденімен марапатталғандар:
    – Күрекбаева Бауыржан Ордабекұлы – “Қалалық диагностикалық орталық” МКК-ның дәрігері

    – Мамаев Хасым Махмудович – “Қалалық диагностикалық орталық” МКК-ның дәрігері

    – Мәлібеков Жәнібек Жұмашұлы – “№1 қалалық клиникалық аурухана” МКК-ның дәрігері

    – Әлмаханова Қафиза Батырханқызы – “№8 қалалық емхана” МКК-ның аға медбикесі

    – Байменова Гаухар Аштайқызы – “№1 қалалық клиникалық аурухана” МКК-ның аға медбикесі

    – Әуелбаев Тимур Айдарханұлы – “Жедел медициналық жәрдем станциясы” МКК фельдшері

    Парасат» орденімен марапатталған:
    Абдикулова Мариям Қабылбекқызы – “№1 қалалық клиникалық аурухана” МКК-ның бөлім меңгерушісі

    ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған:
    Садиев Орынбасар Алипбекұлы – “№1 қалалық клиникалық аурухана” МКК-ның бөлім меңгерушісі.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Шымкенттік құтқарушылар мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінде көмек көрсетуде

    Фариза

    Жаңатастың жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді

    Фариза

    Қызылордада «Halyq monitoring» жобасы әзірленді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.