17.8 C
Алматы
Понедельник, 19 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    «Олардың бәрі кезекке тұру керек…» — Головкин әлем чемпиондарын көзге ілмей отыр

    Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Fight Hub TVарнасына берген сұхбатында болашақтағы қарсыластары туралы сөз қозғады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

    Головкин келесі жекпе-жегін жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы — Стив Роллс (19-0, 10 КО). Ал қазақстандықты рингке оралуға Джонатан Бэнкс дайындап жатыр.

    Жаттығудан кейін Головкинге орта салмақта WBO чемпионы Деметрису Андрадемен және екінші орта салмақта осы ұйым чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен жекпе-жекке қалай қарайтынын сұрады.

    — Басқа чемпион, Андрадеге қатысты, ол сізден кейін жұдырықтасады?
    — Егер осы тізімде болса, әрине, олар жұдырықтасуға құқылы. Нақты біреуді бөліп: «мынаның құқы бар», «мынау жұдырықтасуға міндетті» немесе «оған мүмкіндік бер..» деуге келмейді. Олардың бәрі бар, егер тізім бойынша келсе, дайын болса, міндетті түрде олармен жұдырықтасамын. 

    — Сондерс жекпе-жек өткізуге екі рет келісімшартқа қол қойғанын айтады? Сол күйі неге жұдырықтаспадыңыздар?
    — Енді, қазір Сондерс туралы айту… ол назар аударуға тұрмайды. Жалпы олардың ешқайсысын бөліп қарастырып керек емес. Айтқанымдай, бұл топтың бәрі кезекте тұруы керек. Егер біреу шынымен жұдырықтасқысы келсе — жекпе-жек өткіземіз. Кезекке, бәрі кезекке тұрсын. 

    қатысты посттар

    «Егер ондай мүмкіндік маған берілсе…» Қанат Ислам Геннадий Головкиннің АҚШ-та үлкен танымалдыққа ие болуына байланысты пікір білдірді

    Фариза

    Головкин «P4P рейтингінің нағыз патшасы» және «Канелоны» жеңді деп мойындалды

    «Канелоға жеңіс берген екі төрешіні тұтқындау керек…»

    Пікір қалдыру

    5 + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.