9 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    Хабибтен жеңілген Порье көз жасын тыя алмады (видео)

    Дастин Порье жеңілістен кейін көз жасын тыя алмады, ал Хабиб әкесі мен командасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов америкалық Дастин Порьені жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы белбеуін қорғады. Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды: Хабиб қылқындыру әдісін қолданды.

    Нурмагомедов-Порье жекпе-жегі Абу-Дабиде өтті. Үшінші раундта дағыстандық “Қыран” қарсыласын тізе бүгуге мәжбүр етті.Бұл Нурмагомедовтің 28-ші жеңісі, ал америкалық “Гауһар” Порье алтыншы рет жеңіліс тапты, ол 25 жекпе-жекті жеңген.

    “Мен Дастиннің қайырымдылықпен айналысатынын білемін. Мына футболканы сатып, түскен қаражатты Дастин басқаратын қорға қайырымдылыққа беремін. Біз аралас жекпе-жектің не екенін және біздің спортта неге басымдық берілетінін көрсеттік. Бұл құрмет. Жетістік құрметтің арқасында ғана келеді”, – деді Нурмагомедов жекпе-жектен кейін.

    Ол әкесіне, жаттықтырушысы мен командасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

    Порье жеңілістен кейін көз жасын тыя алмады.”Мен өте жақсы дайындалдым. Үйге барып, отбасыммен бірге уақыт өткіземін. Осы спортта қол жеткізген жетістіктеріммен мақтанамын, бірақ қазір маған бәрін ойластыруға уақыт керек”, -деп түсініктеме берді ол.

    Хабиб жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық титулын екінші рет қорғады. 2018 жылдың қазан айында ресейлік ирландиялық Конор МакГрегорды жеңген болатын.

    қатысты посттар

    “Бапкер деген атқа лайықты емес” ауыратлет Альберт Линдердің інісі оның өліміне ұлттық құраманың аға бапкерін кінәлап отыр

    Фариза

    Әлем чемпионатынды 6 боксшымыз жартылай финалға шықты

    “Медаль сұрайды, бірақ жағдай жасамайды” Мәдениет және спорт министрлігі Абзал Әжіғалиевтің жазбасына қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.