11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШҚО әкімдігі Көкпекті ауданындағы жарық мәселесіне қатысты жауап берді

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Көкпекті ауданындағы жарық мәселесіне қатысты тұрғындардың наразылығына жауап берді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Облыс әкімінің орынбасары Марат Теміржановтың мәлімдеуінше, 2019 жылдың 21мамыры күні сағат 15:00-15.10 аралығында Үлгілімалшы ауылында ауа райының күрт бұзылып, қатты жел тұруы салдарынан 4 электрбағаны құлаған. Қатты желдің салдарынан электр бағаналары құлап, желі үзілгендіктен ауылда  жарық өшіп қалыпты.

    Көкпекті ауданындағы метеостанцияның ресмимәліметі бойынша,                       21 мамыр  күні Көкпекті ауданында желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жеткен.

    «21 мамыр күні Үлгілімалшы ауылындағы 12 көшенің 9-ында жарық болған жоқ. Қалған 3 көшеде жарық сөңген жоқ. Қатты дауылдың салдарынан 4 электр тірек бағаналары құлады. Сол күні Көкпекті Аумақтық Электр Желісінің 5адамнан құралған жедел әрекет ету бригадасы жұмыс жасады. 21 мамыр күні кешкі сағат 18.00-деэлектр желісінен ажырап қалған 95 абоненттің 60 абонентіне жарық қосылды. Ертеңінде Үлгілімалшы ауылында 12:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жарық болған жоқ. Себебі бұл уақыт аралығында Аумақтық Электр Желісінің 4 әрекет ету бригадасы құлаған 4 электр бағанасын қайтадан орнына тұрғызып, электр желісін қалпына келтіру жұмыстарын жасады», – дейді  М. Теміржанов.Әкім орынбасарының айтуынша, 2 тәулік ішіндедауылдың салдары жойылып, ауыл тұрғындарыжарықпен толық қамтамасыз етілген.

    Айта кетейік, метеорологиялық қауіпті құблыстар қатты дауыл (құйындар мен шквалдар) – желдің жылдамдығы секундына 25 метр және одан да артық, таулы аудандарда секундына 30-35 метрге жеткен кезде ғана төтенше жағдайлар жарияланады.  

    қатысты посттар

    Жамбылда бір ауданда үш бірдей мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтуде

    Фариза

    Таразда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

    Шымкентте биыл 300 шақырымнан астам жол жөнделеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.