23 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Таразда заманауи сурет көрмесі өтті

    Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында көрсетілген «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» тарауларындағы Қазақ халқының ұлттық тарихынан орын алатын дүниелер туралы сыр шертетін туындылар Тараз қаласында шымылдығын түрген “Ұлы дала Хикаялары” атты көрмеде қойылды. Қазақстанның заманауи өнер туындыларын паш ету мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздің белді қыл қалам шеберлерінің суреттері қойылып, көрермендерге ұсынылды. Сондай-ақ, салтанатты шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова арнайы келіп, құттықтау сөз сөйледі. «Ұлы дала хикаялары» атты көрмеде оннан астам суретшінің туындылары көрсетілді. Түрлі жанрлар мен жаңашылдықтардан туындап отқан мұндағы суреттер, кешегі күннің тірі кескіндемесі іспеттес. Өйткені, кей суреттерде экологиялық мәселелер сыр шертсе, енді бірінде тарих өнегесі өрнектелді. Экспозициялар дәстүрлі техникалармен орындалған: Мүсін, кескіндеме, графика, сонымен бірге жаңадан енген – инсталляция, обьект, перформанс, видео және медиа-арт бағыттарын да осы жерден көруге болады. Суретшілердің шығармаларында көшпенділердің құндылықтары мен дала мәдениетін қанық бояумен суреттеу үшін осы саладағы бүкіл әлемнің ең озық, ең шеберлік үрдістерін қолдануға барлық мүмкіндік жасалынған.

    Мұнда Алмагүл Меңлібекова, Сәуле Сүлейменова, Рашид Нүрекеев, Асхат Ахмедьяров сынды 10-нан астам әйгілі суретшілердің туындылары қойылды.

    Көрменің халықаралық жетекшісі Лиза Ахмади «Әлемнің 20-дан астам елдерінде үлкен баға алған туындылар ұлттық болмысымызды айшықтап, өнер, мәдениет, табиғат тамашалары сынды құндылықтарды суреттейтіндігін айтады.

    Мәселен: Менің өнер туындыларымда Тараздағы киелі орындар бар. Айша бибі кесенесін де айта аламын. Мен дәл осы кесенені ұзақ уақыт түсірдім деп айтсам да болады. Өйткені, барлығымыз білетіндей Тараз топырағы киелі мекен, тарихи аймақ дейді суретші Алмагүл Меңдібаева. Сондай-ақ, іс-шара болашақта ел көлемін түгел қамтиды деп күтілуде. Себебі, көшпелі жоба керуеніне танымал суретшілердің барлығы да атсалысуды көздеп отыр. Тіпті мұнда келушілер де еліміздің заманауи көрмесінің өскелең ұрпаққа берері мол деп біледі. Аймақ тұрғындары көрмені бесінші маусым мен бесінші шілде аралығында бір ай бойы тамашалай алады. Сосын көшпелі көрме керуені Қызылорда қаласына жол тартатын болады. Айтпақшы, шілде айына дейін өтетін көрмеге кез келген облыс тұрғыны тегін кіріп тамашалай алады. Ендеше, тарихымыздың құнды жәдігерлерін көруді жіберіп алмаңыздар.

    қатысты посттар

    Шымкентте коронавирусқа шалдыққан келіншек дені сау сәбиді дүниеге әкелді

    Фариза

    Шымкент: Қаладағы 4 су қоймасында су мөлшері қалыпты

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысымен кездесті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.