8 C
Алматы
Вторник, 15 октября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Назарбаев пен Тоқаев қатысып жатқан форум алдында көпбалалы аналар шеруге шықты

    Астана экономикалық өтіп жатқан ғимараттың алдына бір топ аналар жиналды. Олар басшылықтан баспана мәселесін шешуді сұрап жатыр, деп жазады Азаттық радиосы.

    Жиналғандардың ішінде мүгедек баланы тәрбиелеп отырған және көп балалы аналар мен жалғызбасты аналар бар.

    Олар «балаларға баспана керек» деп ұрандатып тұр.

    Бүгін бұл ғимаратта «Астана» экономикалық форумы өтуде. Форумға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. 

    Аналармен кездесуге Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев шықты. Олар жиналғандарды автобусқа мінгізіп, қалалық әкімдік ғимаратына алып кетті.

    Аналар автобустың ішінде министрге өз сұрақтарын қойып жатыр.

    «Кезек жылжымайтынын зерттеу керек. Он жыл, жиырма жыл тұрса кезегі неге жылжымайды? Оны қарау керек», – деді министр.

    Министр журналистің “көпбалалы аналардың мәселесі толығымен шешіледі ме” деген сұрағына:

    «Шешіліп жатыр ғой енді, сіздер білесіздер бірінші сәуірден бастап, аналарға ақша төленіп жатыр, оқушыларға тегін тамақ беріліп жатыр, шешіліп жатыр. Сіздер білесіздер ғой», – деп жауап берді.

    Аналар қала әкімі мен министрмен бірге қалалық әкімшілікке келді.

    «Қазір кірейік, жеке қабылдау жасайық. Онда бөлініңіздер, маған жеке мәселе шешуге кім кіреді?», – деді Бахыт Сұлтанов әкімшілікке кірерде.

    «Мәселе кімде? Сіздердікі ма? Ол журналистің мәселесі емес. Сізге мәселенің шешілуі керек пе? Онда менімен жеке сөйлесуңіз керек қой», – деді Сапарбаев.

    Министр мен қала әкімі қабылдауға дайын екендіктерін айтып, ғимараттың ішіне кіріп кетті. Бақыт Сұлтанов сөйлесуге журналистредің кірмейтінін үзілді кесілді айтты.

    қатысты посттар

    Арыстанбек Мұхамедиұлы: Пантеонға жерленер едім

    Фариза

    Жедел жәрдем қызметкерлері коронавирусқа шалдыққан әйелді өмір сүру мүмкіндігінен айырды. Билік індетпен осылай күрессе, халықта не үміт бар?

    Фариза

    Назарбаев қанынан вакцина жасайтыны туралы сөз рас па: Ақпарат министрлігі жауап берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.