11 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Тоқаев Мәскеуде өткен парадта георгий лентасын тағудан бас тартты

    Күні кеше Мәскеуде бұрынғы КСРО елдерінің әскерилерінің қатысуымен Жеңіс парады болып өткен болатын. Бұл парадқа Ресей президенті Путиннің шақыруын қабыл алған бірнеше ел президенттерімен қатар Тоқаев та бой көрсетіп, еліміздің әскери сарбаздары шыққан уақытта, орнынан тұрып, құрмет көрсетті.

    Ұлы Жеңістің 75 жылдығын ұлықтауға арналған бұл үлкен іс-шараны әлемдік пандемияға қарамастан көпшілігі парадты бетперлесіз өткізді. Ал ең қызығы екінші дүнеижүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған георгий лентасын еліміздің президенті Тоқаев тағудан бас тартқан.

    Ал Беларус елінің президенті Лукашенко болса, георгий лентасының орнына өз елінің лентасын тағып шығуды жөн көріпті.

    Өзге елдің президенттері Путинмен бірге георгий лентасын тағып, салтанатты шараны тамашалап, батырларға гүл шоқтарын қойды. Ал Қырғыз елінің президенті Мәскеудегі арнайы парадқа келгенімен, коронавирусқа байланысты қатыса алмады.

    Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылғы өткен парадта Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та георгий лентасын тағудан бас тартып, еліміздің көк лентасын төсіне тағып шыққан болатын.

    Украина – аталған георгий лентасынан түпкілікті бас тартқан ел. Себебі, бұл лентаны Ресей империализімінің таңбасы деп есептеп, кімде-кім елде георгий лентасын тағатын болса, заңмен қудалап, айыппұл салуды енгізген. Ал біздің елде георгий лентасына деген ешқандай шектеу жоқ. Әлі күнге дейін ұлықтап көліктеріне іліп жүретін қазақстандықтарды көретініміз де өтірік емес. Тәуелсіз елде өзге елді ұлықтауға арналған мұндай белгілерге біздің елге де Украина елінен үлгі ала отырып, түпкілікті қарсылық танытып, заңмен шектеу қою керек. Өз еліміздің көк лентасын тағуды міндеттеу – ерлікпен қаза болған батырларға шынайы құрмет көрсетумен пара-пар.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Шеруге шықпақ болғандарды полиция ұстап, алаңда күзет күшейді

    Фариза

    Аса маңызды сәт туды – Бақытжан Сағынтаев Алматы тұрғындарына үндеу жасады

    Фариза

    Біз қабылданған шаралардың арқасында пандемияның таралуына тойтарыс береміз деп сенеміз – Мәулен Әшімбаев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.