-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Туризм Фотосурет

    ЛОНДОНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР. КАРИНА БЕКТҰР ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРДІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРУ ЖАЙЫНДА

    Карина Бектұр, 27 жаста, туған қаласы — Омбы, денсаулық сақтау экономикасы саласындағы зерттеуші, health service and population research бағытының PhD студенті, деп жазады weproject.media

    Көшіп кетуі жайында


    Бастапқыда мен бакалавриат бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда оқыдым. Бұл 2009 бен 2013 жылдар аралығын қамтыды. Келесі 3 жыл Қазақстанда тұрдық, 2016 жылы магистратураны бітіргеннен кейін, Лондонға көшіп кеттік.

    Мен кішкентай кезімнен ғалым болуды армандадым, маған фармакология және онымен байланысты барлық нәрселер ұнайтын. «Болашақ» бағдарламасына құжаттарымды тапсырдым, кейін сол бағдарламадан өттім. Оқуды бітіргесін, бағдарламаның шарты бойынша Қазақстанға оралдым. Бір айдан кейін, университетті бітіру қағазына ие болдым және мені Назарбаев Университетіндегі жұмысқа қабылдады. Осылайша менің ғылыми жұмысым басталды.

    Біз күйеуімізбен Лондонда оқыған кезде таныстық. Бакалавриат бағдарламасын аяқтағаннан кейін, үйлендік, кейін Астанада тұрып, жұмыс істедік. Қызымыз бір жасқа толған кезде, қайтадан Лондонға көшіп кеттік.


    Оқу жайында


    29415960_120710622106212_4761753558729097216_n.jpg

    Егер сен ғылым саласындағы қызметке барсаң – бұл академиялық өсуді меңзейді.Ғылым ретінде танылу үшін бірінші, екінші, кейін үшінші дәрежеге ие болу керек деген сөз. Барлық жобаларды өздігінен жүргізе алатыныңды дәлелдеу керек.

    Мен басында магистратурада таңдай алуға мұмкін болатын бағытқа ие болу үшін, жұмыс тәжірибесін жинадым. Назарбаев Университетіндегі жұмысым денсаулық сақтау бағдарламаларын талдаумен байланысты болғандықтан, экономикада, мемлекеттік бағдарламалар саласындағы жүйеленген білімге ие болу керек екенін түсіндім.

    Мен Назарбаев Университетінің Graduate School of Public policy магистратуралық бағдарламасына түстім. Master of public policy – екі жылдық бағдарлама, мен оны 2016 жылы бітірдім. Соңғы семестр кезінде, PhD бағдарламасы бойынша әртүрлі гранттарға құжаттарымды тапсырдым, 2017 жылы гранттардың біріне ие болдым. Оқуым 2017 жылы басталды. Менің бағытым экономика және денсаулық сақтау саласында болғандықтан, бұндай тар бағытта дәреже беретін университеттер көп болған жоқ. Ұлыбритания бұл бағытта алдыңғы қатарда тұр және мен үздік орынды қаладым, сол себепті таңдауым Лондонға түсті.


    Алғашқы әсер мен адамдар жайында


    Университеттер, кітапханалар, студенттерге ұсынылатын ресурстар және оқуды ұйымдастыру жүйесі әсер еткені есімде. Мен оқуды жақсы көремін, сол себепті бұл мен үшін маңызды болды. 

    Бұл қала барлық адамдарға сай бола бермейді, бірақ маған сол кезде осындағы өмір ырғағы ұнады

    Мен өз жолымда ғылыммен қызығатын адамдарды кезіктіремін. Астанағы немесе Лондондағы адамдар болсын, олардың барлығы өз жобаларын ұнатады. Менде барлық жердегі ғылыми жетекшілерім жақсы болды. Ғылым және университеттің құрылымы жағынан, біріншіден, менің байқағаным – осында көлденең иерархия орнаған. Яғни мен өзімнің жеке мәселелерімді департамент басшысымен талқылай аламын, есіктер әрқашан ашық, шенге бас ұрушылық деген жоқ. Екіншісі – өзіне сын көзбен қараушылық: біздің университет әрдайым өз бетінше кемелдену үстінде болады, яғни бірдеңе дұрыс болмай жатса, соны мойындайды, мысалы pay gap мәселесін атап өтуге болады. Қазірде бұл қатты талқыланып жатыр, бізде әйелдер-зерттеушілерін қолдау бойынша әртүрлі бағдарламалар жұмыс істеп жатыр.

    28763851_1625964104166647_5889052907650678784_n.jpg

    Осында барлығы айқын жұмыс істейді. Зерттеу тобымыздың сайтында жобалар, қаржыландыру, мерзімдер жайындағы ақпараттар берілген. Яғни зерттеулерге, есепке және менеджментке деген қатынас жоғары деңгейде.

    Бакалавриат кезінде көрген Лондон қазіргі тұрып жатқан Лондоннан ерекшеленеді. Қазіргі кезде көліктен бастап тұратын ауданға дейін – барлығы отбасылық өмірге бағытталған.


    Өмірдің ерекшеліктері жайында


    Астана мен Лондонды салыстырған кезде, біреудің пікірінше, Лондонда тұру әлдеқайда жайлырақ, бірақ мен үшін олай емес.Отбасымызбен Англияға көшкен кезде, маған қиын болды. Мен жайлы зонадан шығып кеттім десем де болады. Астанада бізге достарымыз және ата-аналарымыз көмектесетін, ал Лондонда өз бетімізбен өмір сүреміз, жас отбасы ретінде бізге қиын болды.

    Лондонда салықтар көп. Бұл күрделі жүйе, себебі қаланың әрбір ауданында салық мөлшері әртүрлі болып табылады. Әрбір жердің ережелері әртүрлі. Олар қоқысты сұрыптау ережелеріне дейін ерекшелене алады. Жалпы, ағылшын адамдары ережелерді жақсы көреді және оларды сақтауға тырысады.

    16465671_102140476972501_2497491455052873728_n.jpg

    Англияда білім беру саласы дамыған. Осында балалар үшін жақсы жағдайлар жасалған. Жекеменшік және мемлекеттік балабақшалар бар. Жекеменшік балабақшаға баланы үш ай кезінде беруге болады. Қызмет көрсетулерді әртүрлі қолдануға болады, барлығы қажет ететін уақытыңызға байланысты: жарты күн, толық күн.

    Осында бала бағушылардың қызметі қатал қадағаланады. Олардың әрбіреуінде қызмет көрсету туралы мемлекеттік лицензиясы болады. Бала бағушыны жалдаған кезде, аналар алаңдамайды, себебі әрбір бала бағушының арнайы білімі бар және барлық тәжірибесі жайында ақпарат беріледі.

    Қазірде біздің қызымыз екі жаста және ол балабақшаға барады.

    Отбасы салтына келсек, осында бала табуды кейінге қалдырады. Негізінен, ана атанған құрбыларым менен 10-15 жасқа үлкен. Яғни, Лондонда жұбайлар жұмыс істейді, өздері үшін өмір сүреді, кейін 35-40 жасқа орай балалы болады. Екіншіден, әкенің бала тәрбиесіне қатысуын атап өткім келеді. Қазақстанда емшектегі балаларды аналарымен ғана көретінмін, Лондонда барлық дамытатын орталықтарда, бассейндарда немесе балет сабақтарында әкелері қыздарымен жүреді. Бұл орайда анаға да, әкеге де икемді жұмыс кестесін құрып, балалардың шаруаларымен айналыса алады. Кейбір кезде әкелер декреттік демалысқа шығады, ал аналар жұмыс істеуді жалғастырады.

    Тағы да бір айырмашылық – олар балаларды басқаша шынықтырады: оларды жылы киіндірмейді, балалар бас киімсіз жиі жүреді, кішкентайынан жеңіл киініп жүреді. Жөтел және тұмау – балабақшаға бармаудың себебі емес. Егер қызу көтерілсе, әрине, үйде қалады. Ал жалпы бұл кішкентай балалар иммунитетінің қалыпты процесі деп саналады.

    29088157_167869540540313_5745234411620663296_n.jpg

    Дәрігерлер ешқашан көп дәрі-дәрмектерді жазып бермейді. Қазақстанда «дәрілерді» дәлелдік қорсыз жазып беретіні мені әрдайым таң қалдыратын. Лондонда антибиотиктерді абайлап жазып береді, бұл маған ұнайды. Жалпы, медицина балалар үшін тегін және барлығы тез жұмыс істейді. Бірақ барлық жерде олай емес: басқа ата-аналардан кезектер жайында жағымсыз пікірлерді естігенім бар. Ұлыбританияның өзінде childcare vouchers деген жүйе бар – бұл жалақыдан жиналатын белгілі сомалар және оларға салық салынбайды, ата-аналар сол ақшаны балабақшаға немесе бала күтушіге жұмсай алады. Жақсы соманы жинап алу үшін, кейбір ата-аналар бұл ваучерлерді алдын-ала жинайды, себебі балабақшалар қымбатқа түседі. Егер ата-ананың екеуі күні бойы жұмыс істесе, мемлекет балабақшаның аптадағы 30 сағатын өтейді, егер ата-ананың біреуі full time істесе – 15 сағатын өтейді, оған қоса жылына кететін түсімнің шарты бар.

    Тағы да бір айырмашылық – аталардың және апалардың балалардың күтімі мен тәрбиесіне белсенді қатысуы. Менің ойымша, Қазақстанда бұл қалыпты жағдай. Лондонда – олай емес. Егер мен ата-апаларды немерелерімен көрсем, олар Азиядан немесе Ресейден келген болар дейп ойлайтынмын.

    Осында балалармен ересек адамдармен сияқты сөйлесетіндері ұнайды. Екі жастағы балалар сауатты сөйлейді. Жалпы кішкентай балаларға құрметпен қарайды: барлығы әдепті түрде айтылады, балалар да солай жауап береді. Үлкен жастағы балалармен араласып көрмедім, сол себепті мектеп алды балалар жайында ғана айта аламын. Айтпақшы, мектеп 4 жастан басталады.

    Сонымен қатар Лондонда араласқан некелер мен қостілді балалар көп. Мысалы, қызымыздың балабақшасында барлық дерлік балалар екі тілді біледі. Ата-аналары басқа мемлекеттен көшіп келді немесе ата-аналары екі әртүрлі елден, әртүрлі мәдениеттен шыққан болуы тиіс.


    Лондонның үйреткен нәрселері



    Мен Лондонда тұлға ретінде қалыптастым. Әрине, студенттік кезімді осында өткізгендіктен, өздігінше әрекет етуге үйрендім. Әсіресе оқу жағынан алғанда.

    Ұлыбританиядағы студенттер оқуға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Ұстаз студенттің оқуына ақша жұмсалса, демек бұл оған қажет деп күтеді. Және бұл шындық, себебі әрбір адам өзі үшін оқиды.

    Мен Лондонда тұлға ретінде қалыптастым

    Осында сыни ойлауға үрендім. Мектептегі барлық 11 жыл бойы мені дұрыс жауапты білуге үйретті. Ал Лондонда студенттен сыни тұрғыдан ойлауды күтеді. Эссені бағалаудың британдық жүйесі мінсіздікке қол жеткізуге мүмкін емес деген идеяға негізделеді. Осында «үздік» деген баға 70 баллмен өлшенеді, ал максималды 100 балл алуды қалаған мен үшін олай бола алмайтынын түсіндіріп берді. Оқудың мәні баллдарда емес, өз бетінше жетілуге – зерттеулер өткізуге, мысалдарды іздеуге, талдауға негізделеді.

    Зерттеулерде этикалық құрылымға мән беру маңызды. Англияда барлық дерлік нәрселер реттеледі. Сұхбаттасуды, сауалнаманы қалай жүргізу керектігі айтылады. Осында пациенттер туралы деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығы маңызды орын алады. Этикалық тұрғыдан көрсетілетін құрмет ғылымның деңгейін аңғартады.


    Ғылыми қызмет пен отбасылық өмірді қатар алып жүру жайында 

    Күйеуімнің жұмысын, менің зерттеулерімді, баламызды – барлығын қатар алып жүре аламыз

    Біздің отбасымызда барлық қызмет түрлерін қатар алып жүру қолымыздан келеді, себебі біз талапкер және еңбекқормыз. Күйеуімнің жұмысын, менің зерттеулерімді, баламызды – барлығын қатар алып жүре аламыз. Бұл қолымыздан келеді, себебі біз командамыз. Міндеттеріміз өзара үлестірілген және әрбіреуіміз оларды орындаймыз. Күйеуім үлкен қолдау көрсетеді, ғылым саласында дамуыма септігін тигізеді.

    22860495_171281563452831_3593323090425151488_n.jpg

    Біз демалыс күндерімізді пайдамен өткізуге тырысамыз. Қайда және қалай баратынымызды алдын-ала жоспарлаймыз. Әртүрлі дамытатын жерлерге барамыз. Қызымызға қызықты болғанын және оның оқып, жетілуге ынталы болғанын қалаймыз. Мысалы, Лондонда ғылым мұражайы бар, сол жерде балаларға арналған әртүрлі көрмелер болады. Бұл орынның тегін болғаны ұнайды. Үкімет білімге және дамуға бағытталған үлес билеттер сатылымдарынан алатын түсімнен әлдеқайда жоғары деп шешті.

    Маған ана болу ұнайды. Қызымды үйретіп, оның дамып жетілуіне септігімді тигізе алатыным ұнайды. Ол ағылшындар сияқты толерантты және сыпайы. Бұл орайда өмір әсер етті деп ойлаймын.


    Жоспарлар жайында


    PhD бағдарламасын аяқтағаннан кейін, Қазақстанға оралу жоспары бар. Айналысып жатқан жобам Қазақстан жайында. Зерттеулерімнің нәтижелері шешімдерді қабылдайтын тұлғаларға денсаулық саласындағы өзгерістер қаншалықты пайдалы болатынын жеткізетініне үміттенемін. Зерттеулерімнің дәлелдері жеткілікті болады деп үміттенемін. Олардың іске асырылғанын қалаймын. Назарбаев Университетінде жұмыс істеуді жалғастыруды жоспарлаймын.

    қатысты посттар

    Елбасы президенттік өкілеттігін тоқтатуға шешім қабылдады

    «Азапқа шалдықтырып, ауыртып, ірітіп-шірітіп өлтіре гөр!» — Ахметбек Нұрсила теріс бата берді

    Алматылық әйел кішкентай 3 баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кеткен

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.